Атырау, 27 қараша 02:36
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Тағы бес автобус

1 395 просмотра

9 мамырда«АйсТрансХолдинг»ЖШС тасымалдаушы компаниясы №14 «Авангард – Теміржол вокзалы» бағытындағы қытайдың көпорынды жаңа Golden Dragon маркалы бес автобусын шығарды.

«Айс Транс Холдинг» ЖШС директоры Мақсот СҮЙІНОВТІҢ айтуынша, өткен жылдан бері қалалық №12 автобуста қызмет етіп келе жатқан дәл сондай маркалы он автобус сыннан жақсы өткен. Алайда жаңадан сатып алынған автобустарда жолаушылар орны көп. Атырауда күн сайын рейске 200-ге дейін автобус шығады. Орталық №2, 6, 10, 12, 14 және №30 маршруттарға көпорынды 70 автобус қызмет көрсетеді. Қалған бағыттарда «Газельдер» мен орташа көлемдегі ПАЗ, «Хёндай» автобустары және т.б. шығады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

11 мамыр 2014, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.