Атырау, 27 қараша 02:26
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Сексек ата өнімі

6 941 просмотра

Бір ай бұрын Махамбет ауданының Сарайшық ауылында ешкі сүтін өңдейтін зауыт іске қосылды. Ал, жақында құрт, ірімшік, қаймақ, сүзбе секілді алғашқы өнімдер Атырау қаласының нарығына жол тартты.

Ешкі сүтін өндіретін «Сарайшық» біріккен кәсіпорнын «АтырауАгроӨнімдері» шаруа қожалығы мен «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы құрған. Шаруа қожалығының жобада 51 пайыздық үлесі бар болса, «Атырау» ӘКК-ге 49 пайыздық үлес тиесілі. 

- Бұл жоба облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтың қолдауынсыз іске асырылмас еді, - дейді «АтырауАгроӨнімдері» шаруа қожалығының басшысы Владимир РОЗМЕТОВ.

Оған өзі үшін жаңа бизнес саласында балалары Тамила мен Тимур Розметовтер қолғабыс етіп келеді.

- Қазір зауытта 150 ешкі мен120 лақ бар. Занеен тұқымдас асыл тұқымды ешкілер Санкт-Петербург қаласындағы «Приневское» зауытынан әкелінді. Жақында сербиялық ешкілер де келе бастады. Олардың бағасы өте қымбат, бірақ сүтті мол береді, -дейді зауыттың 22 жастағы жас директоры Тамила РОЗМЕТОВА. Ешкілерге ерекше күтім қажет. Қазір олар жерсініп, кейбірі лақтап жатыр. Маусым айында Сербиядан тағы 300 бас ешкі әкелу жоспарлануда.

Қымбат технологиялық құрал-жабдықтар зауытқа Сербиядан жеткізілген. Оқудан өткен төрт сауыншы компьютердің көмегімен басқарылатын «ақылды» жабдықты оңай меңгеріп алған және соның  арқасындабарлық90 сауынешкіні сауып отыр. Біздің көз алдымызда сауылған сүт сауын шүмегі арқылы түтік бойымен  сүт өңдеу цехына жеткізілді, кейін оны автоматты жүйе пластик құтыларға құяды, айтпақшы, олар осын зауытта жасалады. Дайын өнімді сақтау жүйесі же қарастырылған.

- 90 ешкіден күніне 170 литр сүт алынады, әзірге әрбір ешкіден екі литрдей сүт шығып тұр, - дейді кіші Розметовтер. - Ешкі сүтінен бөлек сарысу (сыворотка), сүзбенің үш түрін, сүзбе-ірімшік (брынза), айран, ірімшік, құрт жасаймыз. Тағы да, ірімшіктің төрт түрін дайындауды меңгеріп жатырмыз. Біздің өнімді Атырау қаласындағы «Дина», «Насиха» базарларынан және «Бақ-Дәулет» сауда орталығынан табуға болады. Ешкі өнімдерінен жасалған тағамдарға сұраныс жоғары.

Зауыт жұмысына Сарайшық ауылының тұрғындары тартылған,   олар Мәскеуден екі апталық курстан өткен.

Кәсіпкерлер жоспарында ешкі санын көбейту тұр: зауыт мың бас ешкіге арналған.   

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

8 мамыр 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.