Атырау, 27 қараша 02:29
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ұтылғаны да жалған ба?

2 261 просмотра

Алты жыл бойына «ТИНГС» ЖШС шетелдік «Каспиан Салфа Компани» (әрі қарай – КСК) ЖШС компаниясының жарғылық капиталындағы өзіне заңды негізде тиесілі 30 пайыз үлесін заңды күшіне енген сот актілеріне сүйене отырып, қайтарып алуға әрекеттеніп келеді.

Таяу арада, үстіміздегі жылдың 23 сәуірінде үшінші инстанциядағы Атырау соты судья М.Сембиннің 2013 жылғы 7 қазандағы ТИНГС пайдасына шешкен сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Алайда оппоненттердің шағымы бойынша іс әлденеше рет және бірнеше жыл бойына түрлі инстанциялық соттарда, соның ішінде ҚР Жоғарғы сотында қаралған еді. Ал Жоғарғы сот істі Атырау сотына басқа құрамда қайтадан қарауға жіберді.

Енді бұл іске ақырғы нүкте қойылып, бәрі айқындалып, тек сот шешімін орындау ғана қалғандай болып еді. Алайда, сотта ұтылған жауапкерлер де осыдан қауіптенетін секілді. Олар ТИНГС тарапына түрлі БАҚ арқылы, жұртшылық алдында жала жабуға дейінгі, түрлі әдістерді пайдаланып отыр. Сондықтан біз үнемі олардың жалған айтып отырғандарын, өзіміздің ақ екенімізді дәлелдеуге мәжбүрміз («ҚР заңын орындамау үшін алыстан күйе жағу ма?» және «Ұтылғандарын мойындамай отыр»). Бұл ТИНГС-ке қарсы ақпараттық майданның бір бөлігі ғана. Мұнда әлдебір епті атыраулық ханым тек шетелдік оппозициялық web-порталды ғана емес, таныс журналистерін жаңылыстырып, мемлекеттік ақпарат агенттіктеріне де ықпалын тигізе алыпты.

Сөйтіп, 2014 жылдың 29 сәуірінде, КСК біржола сотта ұтылғаннан кейін бірнеше күннен соң облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінде «Скандал вокруг завода» атты мақала жарық көрді (авторы – Виктор Сутягин, оның сонымен қатар республикалық телеарна мен ақпарат агенттігінің тілшісі екенін атыраулықтардың көбі біледі). Аталмыш мақалада баяндалған бүкіл ақпарат дерлік шындыққа сай келмейтіндіктен, біз әрине, оны жұртшылық пікіріне әсер ету және мемлекеттік органдарға, ең алдымен құқыққорғау және сот органдарына қысым жасау ретіндегі кезекті әрекет деп бағалаймыз. Бұл жерде аталмыш мақаладан ұзақ-сонар үзінді келтіріп және оны теріске шығырамыз деп оқырманды шаршатып жібермес үшін, кез келген тексеруші мен бақылаушы органдарға өзіміздің дұрыстығымызды тағы да дәлелдей алатынымызды, ашықтан-ашық өтірік айтпай, жала жаппай, фактілерді бұрмаламай, бүкіл қажетті құжаттарды ұсына алатынымызды айтқымыз келеді. Жалпы қаперлеріңізге сала кетейік: КСК инвестор болып табылмайды, бұл тек Теңіз кенішінде тапсырыс берушінің өтінімі бойынша қабыршақты күкірт өңдеумен ғана айналысатын сервистік компания. Оның үстіне, елдің заңын ешкімнің бұзуына рұқсат берілмеген. Мәселен, сол ірі шетелдік компаниялар түрлі заң бұзушылықтар үшін айыппұлдар төлеп отыр.

Сонымен қатар, президент жыл сайын ұлттық инвесторлардың отырысын өткізіп, елдің сенімді тірегі мен болашағы солар екенін жақсы түсіне отырып, отандық кәсіпкерлердің жұмыстарына кедергі келтірмеуге жиі шақыратынын еске салған жөн.

Ал ТИНГС – бұл жергілікті кадрлар жұмыс істейтін және үнемі оқытатын, бүкіл жағдайды жасайтын, балалар үйінің тәрбиеленушілерін жұмысқа алатын танымал компания. Біздің басшыларымыз заңды белден басып, ТИНГС үлесін иемденіп, КСК-ға қайта сатқан және енді қазақстандық соттың шешімін орындағысы келмейтін әлгі канадалық секілді шетел асып, жасырынып жүрген жоқ. Ол тіпті заңгер жалдамайды да, өйткені көрінеу ұтылатынын біледі. Сондықтан да осы қашқынның қорғаушылары ретінде заң тілінде сөз таластыру мүмкін емес мүлдем бөгде адамдар әрекет етуде.

Н. Мұхамедьяров, 

«ТИНГС» өкілі

(Жарнама құқығы негізінде)

6 мамыр 2014, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.