Атырау, 29 наурыз 12:22
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

ҚР заңын орындамау үшін алыстан күйе жағу ма?

2 668 просмотра

Таяуда атышулы болған оппозициялық web-сайттардың бірінде «Тенгизинтернефтегазстрой» ЖШС (әрі қарай «ТИНГС») қызметі туралы келеңсіз ақпараттың жариялануына байланысты (өкінішке орай, содан кейін оны кейбір БАҚ-тар ішінара жариялаған еді) төмендегіні хабарлағымыз келеді.

Заңды күшіне енген сот актілерін негізге ала отырып, «ТИНГС» 5 жылдан астам уақыттан бері «Каспиан Салфа Компани» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы (әрі қарай – «КСК») өзіне заң бойынша тиесілі 30 пайыз үлесін қайтарып алуға әрекет етуде. Бірақ бұл шетелдік компания Қазақстан Республикасының заңнамасын көзіне де ілмей, заңды күшіне енген сот актілерін орындамай отыр. Авторы бүркеншік есіммен жазған бұл жағымсыз мақаланы біз жұртшылық пікіріне кезекті әсер ету әрекеті және мемлекеттік органдарға, соның ішінде сот органдарына қысым жасау деп бағалаймыз.

«ТИНГС» ЖАҚ-ына 2001 жылдан бастап «КСК» жарғылық капиталының 30 пайыз үлесі тиесілі болатын, алайда 2007 жылдың наурызында аталмыш үлес мәжбүрлі түрде сатылып алынды. Сол 2007 жылы ҚР Жоғарғы соты 5 желтоқсандағы өз қаулысымен үлесті мәжбүрлі түрде заңсыз сатылып алынған деп таныды. Бұл кезеңде «ТИНГС» ЖАҚ жабық акционерлік қоғамдарға міндетті түрде қайта құрылуы туралы Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкес, «ТИНГС» ЖШС боп қайта құрылды. Алайда осы қайта құрылудан кейін біздің бизнестегі серігіміз «КСК» (дәлірек айтқанда, тең құрылтайшылар ретінде – шетелдік азаматтар), неліктен екені белгісіз, ерікті түрде өзінің жарғылық капиталындағы бұрынғы заңды 30 пайыз үлеске  «ТИНГС» ЖШС-інің құқығы бар екенін мойындағысы келмеді. Сондықтан да біз сансыз сот процестерінен өтуге мәжбүр болдық.

Жалпы мағлұмат үшін айта кету керек, «ТИНГС» өз қызметін Теңіз кенішіндегі қабыршақты күкіртті өңдеу зауытында жүзеге асыратын «КСК» компаниясының құрылған кезінен бастап біте қайнасты. 2001 жылы «КСК» құрылған сәттен бастап «ТИНГС» тең құрылтайшы құқығымен осы зауыттың салынуына және оның іске қосылуына белсенді атсалысты. Алайда зауыт іске қосылғаннан кейін шетелдік тең құрылтайшы пайдакүнемдік мақсатта Атырау облысындағы кейбір лауазымды тұлғаларды пайдаланып, «ТИНГС»-тің 30 пайыз үлесінің мәжбүрлі түрде сатылуын жүзеге асырды. Күнделікті қолданыста бұл әрекеттер іскерлік серіктесін алдап, лақтырып кету деп аталады.

Жоғарыда айтылып өткендей, 2007 жыл бойына «ТИНГС» ҚР Жоғарғы сотына жүгініп, тиісті сот актілерінің заңсыздығын дәлелдеп, бұрын шығарылған шешімді жоюға қол жеткізді.

Бірақ сот дауындағы жағдайды пайдаланып, шетелдік серіктестер осы кезеңде өздерінің заңсыз әрекеттерінің ізін жасырып, «КСК» жарғылық капиталындағы 100 пайыз үлесті өзінің шетелдік үлестес компаниясына сатып жіберіпті. Сондықтан да «ТИНГС» бес жылдан астам уақыттан бері өзіне заңды тиесілі 30 пайыз үлесін түрлі сот сатыларына жүгініп, қайтара алмай келеді.

Заңсыз созылған сот дауы туралы әңгімеммен ешкімді шаршатып жібермес үшін жақында ғана болған айқын мысалды ғана айтып өтейін. Сотта қазір «КСК» басшысы кім және кәсіпорын атынан барлық әрекеттерді жасау үшін қол қою құқығы, мөр және құқықтық өкілеттік кімнің қолында деген сұрағымызға олардың өкілдері (айтпақшы, «КСК» ЖШС-нің қызметкері емес, Атырау қаласындағы үйлердің біріндегі ПИК-тің қызметкері, заңгер еместігі анық) онлайн режимде Канададағы Басқарушы директоры Элиас ХАСКАНЫҢ қашықтан басқаратындығы туралы хабарлады. Тіпті шетелдіктің 5 жыл бойына (!) сот шешімін орындаудан арсыздықпен жалтарып жүргенін көре тұра, неліктен екені белгісіз, бұрынырақ біздің пайдамызға шешілген атқару құжаттарын орындауды қамтамасыз ету туралы (!) қаулыны жою жөніндегі «КСК» талаптарын қанағаттандырып, тек борышкердің Қазақстаннан шығуын уақытша шектеу туралы қаулыны ғана күшінде қалдырды. Яғни, «Каспиан Салфа Компани» үшін тағы да сот шешімін 5 жыл бойына қасақана орындамау мүмкіндігі туып отыр.

«ТИНГС» пен «КСК» арасындағы даудың қысқаша мәнісі осындай. Ал «Тенгизинтернефтегазстрой» ЖШС туралы жағымсыз жарияланым мен онда айтылған тұлғалар туралы бүкіл жағылған күйе Марат Асанов деген бүркеншік есіммен жазып отырған автордың елірме қиялының жемісі боп табылады. Бұл жағдайда іскерлік беделді қорғау мақсатында тіл тигізгені, жала жапқаны үшін сотқа жүгіну - уақытты текке өткізумен бірдей екендігі түсінікті. Өйткені web-басылымның редакциясы ҚР аумағынан тысқары жерде орналасқан.

Құрметпен, Сапарбек ОТАРОВ, «Тенгизинтернефтегазстрой» ЖШС өкілі

Жарнама құқығы негізінде

25 маусым 2013, 16:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған