Атырау, 30 қыркүйек 22:20
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Амандосов көшесіндегі мансардты үй өртенді (ФОТО, ВИДЕО)

2 096 просмотра

14 мамырда, түскі уақытта Привокзальный аумағы қара түтінге көмілді. Редакцияға №18 мектеп өртеніп жатыр деген хабар келіп түсті. 

Кейін анықталғандай, өртеніп жатқан мектеп емес, Амандосов көшесі, 73 мекенжайындағы жеке меншік мансардты үй екен. Оқиға орнына барған кезімізде үйдің төбесі мен екінші қатары түгелдей өртеніп кеткен, от бірінші қатарда лаулап жатыр. Өртті ауыздықтау үшін жолды жабуға тура келді, осының себебінен кептеліс пайда болды.  

Атырау облыстық ТЖД ММ-нің баспасөз хатшысы Жанар ҚАРЖАУБАЕВАНЫҢ айтуынша, дабыл 11.40-та келіп түскен. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 19 адам, 6 бірлік техника, «АтырауСуАрнасының» екі вакуумы тартылды. Өрт 12.52-де ауыздықталып, 13.06-да түгелдей сөндірілді.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталуда.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

 

14 мамыр 2014, 18:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.