Атыраулық Евгений ПОЛИВАДОВ (суретте) Бангкокта өткен грек-рим күресінен Азия чемпионатында алтын медаль иеленді.
Жарысқа қатысушылардың жеңімпаздардың тамыз айында Қытайда өтетін 1997-98 ж.т. кадеттердің Олимпиадалық Ойындарына қатысу құқығына ие болу мүмкіндігі қосымша қызығушылығын оятты. Женя 69 келіге дейін салмақта өнер көрсетті. Бірінші белдесуде ол Тайваннан келген қарсыласын алып ұрса, екіншіде оңтүстік кореялық әлем чемпионатының жүлдегерін 13:12 есебімен жеңді. Содан кейін қытайлық палуанды жеңіп, финалда Өзбекстаннан келген спортшының әуелі жауырынын жерге тигізіп, сосын басып ұстап, жеңіске жетті.
Қазақстан құрамасы осы чемпионатта екі алтын, екі күміс және төрт қола медаль ұтты.
Бұл - Поливадовтың биылғы ең алғашқы жетістігі емес. Ол Қазақстан чемпионы атанып, Олимпиада жүлдегері Дәулет Тұрлыханов атындағы халықара-лық турнирде жеңіске жетті.
Евгенийді 2008 жылғы Азия чемпионатының жүлдегері Мейрамбек Тұрдалиев, Қазақстан чемпиондары Нұрлан Мұқанов, Талғат Қазиев және Фархад Ғимранов сияқты шеберлерді тәрбиелеген өз әкесі Александр Поливадов жаттықтырады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ