Атырау, 27 қараша 04:23
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Басқа жер құрып қалғандай

2 099 просмотра

Абай көшесі бойындағы №13 және №15 үйлер тұрғындары мен осы үйлердің қасынан бес қатарлы бизнес орталығын салуды жоспарлап отырған құрылысшылар арасында келіспеушілік туындады.

Тұрғындар бұл құрылысқа үзілді-кесілді қарсы. Олардың пікірінше, болашақ бизнес орталығының жақын орналасуы тұрғындарға үлкен қолайсыздық тудырмақ. Келеңсіздіктер қазірдің өзінде басталып кетті: қоршалған жер телімі аулаға кірер жолды жауып тастады.

- Жолды жауып тастағаны аз болғандай, құрылыстың дәл түбінде біздің барлық коммуникациямыз жатыр. Құрылысшылардың құрылыс салуға рұқсатты қалай алғаны түсініксіз. Көлік қоятын жер мәселесі қалай шешілмекші? Бизнес орталыққа келетін барлық көліктің біздің аулаға кіретіні айдан анық қой. Ал, бұл тек қолайсыздық қана емес, қауіп те төндіреді, өйткені аулада балалар ойнайды ғой! – дейді тұрғындар.

Олар сәйкесінше хатты прокуратура мен «Нұр Отан» партиясының филиалына жолдады. Құрылыс салушы - «Юниверсал Эксес» компаниясының өкілі Игорь УЛЕЗЬКО барлығы да заң жүзінде жасалып жатқанын алға тартты:

- Осы 0,0723 га жер телімі 2004 жылы алынды. Біз құрылыс жобасын, техникалық талаптарын заңды негізде әзірлеп, құзыретті органдардың келісімін, қажетті рұқсаттардың барлығын алдық. Ешбір инстанция бізге ереже бұзып жатырсыңдар дегенді айтқан жоқ.

Алайда ол келісімге келер жолды да айтып өтті:

- Егер осы беттеріңізден қайтпасаңыздар, қалалық әкімдік басқа жерден жер телімін беретін болса, біз бұл жерде құрылыс жұмыстарын тоқтатуға дайынбыз. Барлық тараптар риза болуы үшін менің басшылығым сызбалық жобаға түзету нұсқасын қарастыруға дайын. Бірақ біз қаржылық шығындарды жұмсауға дайын емеспіз.

Біз жағдайдың әрі қарай қалай өрбитінін қадағалап отырамыз.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

15 мамыр 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.