Атырау, 22 қазан 18:03
 дождьВ Атырау +19.2
$ 448.61
€ 503.83
₽ 5.48

Атырауда

Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын екі есе арттыру жоспарланып отыр Мұнай және газ

Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын екі есе арттыру жоспарланып отыр

Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуаты 2030 жылға қарай 6 миллионнан 12 миллион тоннаға дейін ұлғайтылады. Астанада өткен кездесуде «ҚазМұнайГаз» мен Қытайдың CNPC мұнай-газ корпорациясының басшылары осы және өзге де бірлескен жобаларды іске асыру барысын пысықтады. Бүгін, 15:09 120 рет қаралды
Атырауда сыныптастарының қысымына шыдамаған оқушы мектепке пышақ ұстап келді Қоғам

Атырауда сыныптастарының қысымына шыдамаған оқушы мектепке пышақ ұстап келді

21 қазанда Атыраудағы №14 мектепте алтыншы сынып оқушылары арасында келіспеушілік туындады. Алдын ала мәлімет бойынша оқушылардың бірі мектепке пышақ әкеліп, өзін мазақтағандарды қорқытқан. Бүгін, 14:58 227 рет қаралды
Атырауда 43 мың шаршы метр жаңа төсемтас төселеді Атырауда

Атырауда 43 мың шаршы метр жаңа төсемтас төселеді

Атырау қаласында жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру мен жаңғыртудың ауқымды жұмыстары басталды. Қала бойынша жалпы көлемі 43 мың шаршы метрді құрайтын аумаққа жаңа төсемтас төсеу жоспарланған. Бүгін, 14:30 140 рет қаралды
Атырауда тарихи жер-су атауы жинақталған жаңа кітап жарық көрді Атырауда

Атырауда тарихи жер-су атауы жинақталған жаңа кітап жарық көрді

Атырауда Республика күніне орайластырылып «Құрманғазы ауданының жер-су атаулары» атты кітаптың тұсауы кесілді. Сонымен қатар шара аясында ХІХ ғасырдың ортасынан басталатын архивтік фотосуреттер қойылған көрме көпшілік назарына ұсынылды. Сурет Бүгін, 11:44 174 рет қаралды
Атырауда Республика күні қарсаңында тауар бағасы 70%-ға дейін арзандады Атырауда

Атырауда Республика күні қарсаңында тауар бағасы 70%-ға дейін арзандады

Атырауда Республика күніне орайластырылған «Bereke Fest» және «Republic Day» республикалық акциялары басталды. Мерекелік науқан аясында қаладағы бірнеше ірі сауда орталығы мен дүкендер желісі тауарларға 70 пайызға дейін жеңілдік ұсынып отыр. Бүгін, 11:39 164 рет қаралды
NCOC Қашаған мұнайын өндіруге қанша су жұмсайды? Мұнай және газ

NCOC Қашаған мұнайын өндіруге қанша су жұмсайды?

«Ақ Жайық» редакциясы тамызда мұнай өндірісі кезінде қанша су жұмсалады және оның су ресурстарына әсері туралы материал дайындаған. Материал дайындау барысында өңірдегі үш ірі мұнай компанияларына да ресми сауал жолданған. «Ембімұнай» мен «Теңізшевройл» компаниялары жауапты «Масс-медиа туралы» заң талабына сәйкес уақытында берді. Ал NCOC компаниясы мерзімнен әлдеқайда кешіктіріп жіберді. Жауапта жыл сайын өндірістік мақсатта пайдаланатын жалпы су көлемі нақты көрсетілген. Ал негізгі екі су көзінен нақты қанша су көлемі алынатынын пайызбен келтірген. Бүгін, 11:10 162 рет қаралды
Тағам қалдықтарын қайтсек азайтамыз? Атырауда

Тағам қалдықтарын қайтсек азайтамыз?

Атырау тұрғыны Салтанат Өмірғалиев мал өсіріп, егін егеді, жеміс ағаштарын баптайды. Сонымен қатар тағам қалдықтарын жинап, сұрыптайды. Жарамдысын мал мен құсқа азық ретінде берсе, қалғанынан компост дайындайды. Осылайша, бес жылдан бері қалдықтарды кәдеге жаратып келеді. Кеше, 17:43 332 рет қаралды
​"Есбол-Қазыбай" каналына 30 жылдан кейін су берілді Атырауда

​"Есбол-Қазыбай" каналына 30 жылдан кейін су берілді

21 қазанда Махамбет ауданы Есбол ауылдық округіне қарасты 42,2 шақырымды құрайтын "Есбол-Қазыбай" каналына су беру рәсімі өтті. Каналға су жіберу мәсілесін жергілікті мал шаруашылығы иелері көп жылдан бері көтеріп келді. Бейнежазба Кеше, 16:34 232 рет қаралды
Грант бар, ақша жоқ: Атырауда 50 болашақ дәрігер стипендиясыз қалды Атырауда

Грант бар, ақша жоқ: Атырауда 50 болашақ дәрігер стипендиясыз қалды

Атырау облысында медицина мамандарына арналған жергілікті грант төңірегінде дау өршіп тұр: өңір бюджеті есебінен білім алып жатқан елу дәрігер-резидент стипендиядан мүлдем қағылғанын мәлімдеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл гранттың ережелерінде стипендия төлеу қарастырылмағанын түсіндірді, деп хабарлайды BES.media. Кеше, 12:27 443 рет қаралды
Атырауда заңсыз алкоголь өнімдерін сатқан кафе сот шешімімен жабылды Атырауда

Атырауда заңсыз алкоголь өнімдерін сатқан кафе сот шешімімен жабылды

Атырауда полиция мәліметінше заңсыз алкоголь сатылған кафенің қызметі сот шешімімен тоқтатылды. Тексеруге тұрғындардың қоғамдық тәртіптің бұзылуына және мекеменің түнгі уақытта жұмыс істеуіне қатысты бірнеше рет түскен шағымдары себеп болған. Бейнежазба Кеше, 11:27 349 рет қаралды
«Ақжайық» резерватында құстың 292 түрі тіркелді: оның 36 Қызыл кітапқа енді Басқа жаңалықтар

«Ақжайық» резерватында құстың 292 түрі тіркелді: оның 36 Қызыл кітапқа енді

Күзгі құстар көші-қоны кезінде «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты қанаттылардың аялдап, қоректеніп, күш жинайтын мекеніне айналады. Бүгінде мұнда құстың 292 түрі тіркелген, оның 36 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Сурет Бейнежазба Кеше, 11:07 277 рет қаралды
Атырауда 50 млн теңгелік жүлде қоры сарапқа салынған Atyrau Open 2026 мәресіне жетті Атырауда

Атырауда 50 млн теңгелік жүлде қоры сарапқа салынған Atyrau Open 2026 мәресіне жетті

Атырауда аяқталған халықаралық Atyrau Open 2026 шахмат фестивалінде армениялық гроссмейстер Эмин Оганян топ жарып, 9 миллион теңге көлеміндегі бас жүлдені ұтып алды. Бейнежазба Кеше, 10:30 280 рет қаралды
Ақшолақов Атырау облысының ардагерлерімен кездесті Атырауда

Ақшолақов Атырау облысының ардагерлерімен кездесті

Атырауда облыстық ардагерлер кеңесінің пленумы өтті. Пленумға жиналғандар қарттарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау, ұлттық құндылықтарды сақтау және аға буынның жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі жөнінде пікір алмасты. Сурет Кеше, 09:20 332 рет қаралды
Атырауда ғалымдар Каспийді сақтап қалу жолдарын талқылады Экология

Атырауда ғалымдар Каспийді сақтап қалу жолдарын талқылады

Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы су айдынының ауданы 2000–2025 жылдар аралығында 16 384 шаршы шақырымға қысқарған. Атырауда өткен Climate Talks халықаралық панельдік пікірталасында Қазақстан мен Әзербайжан ғалымдары мен халықаралық сарапшылар теңізді сақтау мәселесін талқылады. 20 қазан, 18:55 381 рет қаралды
Қарсы бағытқа шығып, апаттық жағдай туғызған: Атырауда той кортежі тоқтатылды Атырауда

Қарсы бағытқа шығып, апаттық жағдай туғызған: Атырауда той кортежі тоқтатылды

Атырауда полиция қызметкерлері Ықылас мешітінің маңында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған той кортежін анықтады. Өзге жүргізушілерге қауіп төндірген үш автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Бейнежазба 20 қазан, 15:03 340 рет қаралды
Қазақстан битуммен толық қамтамасыз етіліп, шетелге экспорттауға дайындап жатыр Мұнай және газ

Қазақстан битуммен толық қамтамасыз етіліп, шетелге экспорттауға дайындап жатыр

Қазақстанда жол құрылысына қажетті битумды Еуразиялық экономикалық одақ шегінен тыс жерлерге шығаруға салынған тыйымды алып тастауы мүмкін. ҚР Энергетика министрлігінің тиісті бұйрық жобасы «Ашық НПА» порталында жарияланды. 20 қазан, 14:49 269 рет қаралды
КҚК 2026 жылы Қазақстан мұнай экспортының 83 пайызын тасымалдайды Мұнай және газ

КҚК 2026 жылы Қазақстан мұнай экспортының 83 пайызын тасымалдайды

Қазақстан Энергетика министрлігі 2026 жылға арналған мұнай экспортының жоспарын бекітті. Құжатқа сәйкес, ел шетелдік нарыққа 77 миллион тонна шикізат жеткізуді көздеп отыр — бұл 2025 жылғы көрсеткіштен (79,4 миллион тонна) 3 пайызға (немесе 2,4 миллион тоннаға) аз, деп хабарлайды KAZENERGY. 20 қазан, 14:39 302 рет қаралды