Атырау, 21 қазан 12:42
 дождьВ Атырау +10.7
$ 450.69
€ 505.04
₽ 5.45

Атырауда заңсыз алкоголь өнімдерін сатқан кафе сот шешімімен жабылды

Бейнежазба
94 рет қаралды

Атырауда полиция мәліметінше заңсыз алкоголь сатылған кафенің қызметі сот шешімімен тоқтатылды. Тексеруге тұрғындардың қоғамдық тәртіптің бұзылуына және мекеменің түнгі уақытта жұмыс істеуіне қатысты бірнеше рет түскен шағымдары себеп болған.

Атырау облыстық Полиция департаменті хабарлағандай, бұл кафе Привокзальный-5 мөлтек ауданында орналасқан.

14 қазанда мекеме жанынан жерде жатқан 1961 жылғы ер адам табылды. Оның кафеден мас күйінде шығып, теңселіп құлағаны белгілі болды.

Осыдан кейін полиция қызметкерлері мекемеге тексеру жүргізді. Тексеру барысында кафеде тиісті лицензиясыз алкоголь өнімі сатылғаны анықталды.

Заңсыз сатылған алкоголь толықтай тәркіленді.

Полицейлер сондай-ақ мекеме иесін анықтады. Оған қатысты заңнама талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік материалдар толтырылды.

Сот шешімімен кафенің қызметі тоқтатылды.

Атырау облысының полициясы қоғамдық тамақтану мекемелерінің иелеріне қоғамдық тәртіпті сақтау және алкоголь өнімдерінің заңсыз сатылуына жол бермеу қажеттігін еске салды.


Бүгін, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.