Атырау, 22 қазан 16:11
 дождьВ Атырау +17.5
$ 448.61
€ 503.83
₽ 5.48

Атырауда сыныптастарының қысымына шыдамаған оқушы мектепке пышақ ұстап келді

154 рет қаралды

21 қазанда Атыраудағы №14 мектепте алтыншы сынып оқушылары арасында келіспеушілік туындады. Алдын ала мәлімет бойынша оқушылардың бірі мектепке пышақ әкеліп, өзін мазақтағандарды қорқытқан.

«Ақ Жайыққа» белгілі болғандай, бала сыныптастары тарапынан буллингке ұшыраған көрінеді. Ол өзін қорғау үшін қарсы шығып, мектепке пышақ әкеліп, оны ренжіткен балаларға көрсетіп, жазалайтынын ескерткен. 

Оқушылар бұл туралы мұғалімге айтқан. Ұстаз полиция мен жанжалға қатысушылардың ата-анасын шақырған. Алдын ала деректер бойынша, балалармен және олардың ата-аналарымен профилактикалық шара өткізілді.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі алтыншы сынып оқушылары арасында жанжал болғанын және оқушылардың бірінде пышақ болғанын растады. Ал пышақтасу туралы тараған қауесетті жоққа шығарды.

ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулеттің айтуынша, жағдайға дер кезінде мән беріліп, ешкім пышақ жарақатын алған жоқ.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Бүгін, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.