
Мақат кентінде зираттарды қоршау жұмыстары қолға алынған. Бес зираттың үшеуіне бетон қоршаулары салынған, қалғанын қараша айының аяғына дейін қоршау жоспарланып отыр.
Жалпы бұған дейін кенттегі бейіттер қоршалмастан ашық-шашық күйде жатқан болатын. "Өлі жебемей, тірі байымайды" дегендей, зираттардың қараусыз қалуы, малдың сүйкеніп құлпытастарға зақым келгені жөнінде тұрғындардан жиі шағым түскен.
2025 жылы зираттарды қоршау жұмысына 234 млн теңге бөлініп, жұмыс қарқын алды. Оның 96 млн теңгесін мердігер "ДаренСтройСервис" ЖШС өткен жылы игеріп, биыл жұмысын жалғастыруда.

Бостандық, Мұнайшы, 3 ауыл зираттары бетонмен қоршалып, жұмыс толық аяқталған. Мердігер енді екі бейітті қоршаумен айналысуда.
Аудан әкімінің орынбасары Бекбол Әбуовтың айтуынша мердігер жұмысты осы жылдың қараша айында толық аяқтамақшы екенін жеткізді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау +16.2