
Күзгі құстар көші-қоны кезінде «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты қанаттылардың аялдап, қоректеніп, күш жинайтын мекеніне айналады. Бүгінде мұнда құстың 292 түрі тіркелген, оның 36 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Резерват орнитологы Илья Бофоновтың айтуынша, көктемгі және күзгі көші-қон кезеңінде аумақта үйрек, шүрегей, қаз бен аққулар жиі кездеседі.
Экологиялық туризмді дамыту мақсатында резерват аумағында туристік төрт маршрут әзірленген. Олар:
- «Табиғат әлемі»,
- «Дала әлемі»,
- «Құстар жұмағы»
- «Су әлемі».
Бұл бағыттар арқылы келушілер өңірдің табиғи байлығымен танысып, құстарды табиғи ортасында бақылай алады.
Сурет пен видеоны түсірген ӨКҚ
В Атырау +10.7 







