Атырау, 21 қазан 12:42
 дождьВ Атырау +10.7
$ 450.69
€ 505.04
₽ 5.45

Атырауда 50 млн теңгелік жүлде қоры сарапқа салынған Atyrau Open 2026 мәресіне жетті

Бейнежазба
116 рет қаралды

Атырауда 12–20 қазан аралығында жергілікті көрме орталығында өткен Atyrau Open 2026 халықаралық шахмат фестивалі мәресіне жетті. Классикалық шахматтан Қазақстан кубогінің финалдық кезеңі атанған бұл жарыс әртүрлі елдерден 200-ден астам қатысушының, соның ішінде 32 гроссмейстердің басын қосты.

Басты Masters турнирінде армениялық гроссмейстер Эмин Оганян топ жарды — ол чемпиондық титулмен бірге 9 миллион теңге көлеміндегі бас жүлдені де еншіледі. Күміс жүлде қытайлық шахматшы Цзян Хаочэньге бұйырса, қола жүлдені Грузия өкілі Баадур Джобава иеленді.

Masters санатында қазақстандық гроссмейстерлер арасында ең үздік нәтижені бесінші орыннан көрінген Алдияр Ансат көрсетті.

«Партиялар өте тартысты өтті, қарсыластардың бәрі мықты болды. Көш басына шығып, оны соңына дейін сақтап қала алдым. Қазақстандық шахматшылардың деңгейі жоғары, мұнда мықты мектеп қалыптасқан. Рейтингі төмен болғанымен, шеберлігі жоғары ойыншылар өте көп, олармен бәсекелесу оңай болған жоқ», – деп бөлісті Эмир Оганян.

Әйелдер арасындағы жарыста ең үздік нәтижені қазақстандық шахматшы Әсел Серікбай көрсетті. Екінші орынды Үндістан өкілі Вантика Агравал еншілесе, үздік үштікті атыраулық спортшы Зарина Нұрғалиева түйіндеді. Бұқаралық Open турнирінде астаналық Сәтбек Ахмединов жеңіске жетті.

Фестивальдің жалпы жүлде қоры 50 миллион теңгені құрады: 45 миллион теңге Masters санатындағы қатысушылар арасында бөлінді, ал 5 миллион теңге Open секциясында сарапқа салынды.

Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті Дәрмен Сәдуақасовтың айтуынша, облыс әкімдігімен Atyrau Open турнирін жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу жөнінде уағдаластық жасалған. Сонымен қатар жақын арада Атырауда халықаралық деңгейдегі шахмат мектебін ашу жоспарланып отыр.


Сурет пен видоны түсірген ӨКҚ

Бүгін, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.