
Атырауда Республика күніне орайластырылған «Bereke Fest» және «Republic Day» республикалық акциялары басталды. Мерекелік науқан аясында қаладағы бірнеше ірі сауда орталығы мен дүкендер желісі тауарларға 70 пайызға дейін жеңілдік ұсынып отыр.
Науқан 27 қазанға дейін жалғасады.
«Republic Day» акциясына қаладағы алты сауда нысаны – «Насиха», «Бақдәулет», «Тамаша», «Атырау», «Байзар» және «Infinity Mall» сауда орталықтары қосылды. Мұнда жекелеген тауар түрлеріне 70 пайызға дейін жеңілдік қарастырылған.
Ал азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бағытталған «Bereke Fest» акциясына «Ярмарка», «Анвар», «Дана», «Клубничный рай», «Пешеход» сияқты супермаркеттер мен өзге де сауда нүктелері үн қосты. Жалпы азық-түлік тауарларына берілетін жеңілдік Атыраудағы 39-дан астам дүкенде қолданылады. Бұл санаттағы баға 20 пайызға дейін төмендеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерекелік акциялар отандық өндірушілерді қолдауға, қазақстандық өнімдерді насихаттауға және тұрғындардың күнделікті шығынын азайтуға бағытталған.
В Атырау +11.2