Атырау, 20 қазан 16:03
 дождьВ Атырау +22
$ 452.59
€ 507.67
₽ 5.48

Қарсы бағытқа шығып, апаттық жағдай туғызған: Атырауда той кортежі тоқтатылды

Бейнежазба
44 рет қаралды

Атырауда полиция қызметкерлері Ықылас мешітінің маңында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған той кортежін анықтады. Өзге жүргізушілерге қауіп төндірген үш автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Оқиға 16 қазанда түскі уақытта болған. Тексеру барысында 18, 20 және 22 жастағы (2008, 2006 және 2004 жылы туған) жүргізушілердің қарсы бағытқа шығып, жолда апаттық жағдай туғызғаны белгілі болды. Кортеж құрамындағы Toyota Camry көлігінің жүргізушісі қауіпті маневр жасаса, Lada Granta және екі Lada Priora автокөлігі де жол тәртібін өрескел бұзған.

Тәртіп сақшылары бірқатар әкімшілік заңбұзушылықты тіркеді. Атап айтқанда маневр жасау қағидаларын бұзу, қарсы бағыттағы жолаққа шығу, қауіпсіздік белдігін тақпау, көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдалану, автокөліктердің техникалық талаптарға сай болмауы.

Сонымен қатар Lada Priora көліктерінің бірін жүргізу куәлігі жоқ азамат басқарған. Полиция бұл автокөлікті жүргізуге рұқсат берген иесін де әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Тәртіп сақшылары той немесе қуанышты оқиғалар жол ережелерін бұзуға құқық бермейтінін ескертеді. Жолдағы қауіпті маневрлер мен құжатсыз көлік басқару адам өміріне тікелей қауіп төндіреді.

Бүгін, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.