Атырау, 20 қазан 15:57
 дождьВ Атырау +22
$ 452.59
€ 507.67
₽ 5.48

КҚК 2026 жылы Қазақстан мұнай экспортының 83 пайызын тасымалдайды

54 рет қаралды

Қазақстан Энергетика министрлігі 2026 жылға арналған мұнай экспортының жоспарын бекітті. Құжатқа сәйкес, ел шетелдік нарыққа 77 миллион тонна шикізат жеткізуді көздеп отыр — бұл 2025 жылғы көрсеткіштен (79,4 миллион тонна) 3 пайызға (немесе 2,4 миллион тоннаға) аз, деп хабарлайды KAZENERGY.

Энергетика министрлігі экспорттық көлемдердің негізгі бағыттар бойынша өткен жылмен салыстырғанда қалай бөлінетінін ашып көрсетті:

  • КҚК (Новороссийск): 63,6 миллион тонна (65 миллион тоннадан төмендеу). Аздап түзету енгілізгеніне (-2%) қарамастан, Каспий құбыр консорциумының құбыры басты бағыт мәртебесін сақтап отыр — оған елдің бүкіл экспортының шамамен 83 пайызы тиесілі.

  • Атырау — Самара: 8,8 миллион тонна (10 миллион тоннадан төмендеу). Бұл жерде 12 пайызға төмендеген.

  • Ақтау — Махачкала: 1,9 миллион тонна (2 миллион тоннадан төмен).

  • Ақтау — Баку — Джейхан (БТД): 1,7 миллион тонна (1,3 миллион тоннадан өсім байқалады). РФ-ны айналып өтетін балама бағыт ең жоғары динамиканы көрсетті — қосымша 31 пайыз.

  • Атасу — Алашанькоу (Қытай): 1 миллион тонна (өзгеріссіз).

  • Теміржол тасымалы: 50 мың тоннадан аз (өткен кезеңдер деңгейінде).

Салалық ведомствода ресейлік мұнайдың Қазақстан аумағы арқылы Қытайға транзиті бөлек атап өтілді. Оның көлемін 10-нан 12,5 миллион тоннаға дейін арттыру жоспарлануда. Бұл жеткізілімдер параллель кестемен жүреді және қазақстандық шикізат экспортының негізгі көлеміне кірмейді.

Бүгін, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.