Атырау, 21 қазан 17:39
 дождьВ Атырау +16.2
$ 450.69
€ 505.04
₽ 5.45

​"Есбол-Қазыбай" каналына 30 жылдан кейін су берілді

Бейнежазба
62 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

21 қазанда Махамбет ауданы Есбол ауылдық округіне қарасты 42,2 шақырымды құрайтын "Есбол-Қазыбай" каналына су беру рәсімі өтті. Каналға су жіберу мәсілесін жергілікті мал шаруашылығы иелері көп жылдан бері көтеріп келді.  

Канал 1981 жылы пайдалануға берілген. Сол жылдары канал бойы мыңғырған малға толып, егіншіліккке бет бұрылды. Он бес жыл каналға үздіксіз су берілді. Кейін неге екені белгісіз су беру үзіліп, канал бойы қақсып жатты. Бара-бара топырақ басып, түрлі өсімдіктер өсіп, қараусыз қалды. 

Бірақ шаруалар үшін бұл канал керек еді. Тек Есболдың емес, соған жалғас ауылдың малы тоғысатын жері болғандықтан шаруалар мәселе етіп көтерді.  

Махамбет ауданы әкімі Қайрат Нұрлыбаевтың айтуынша, алдымен мамандар канал бойын тазартып, котлавандар жасалды. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін, яғни 30 жылдан бері қақсып жатқан каналдың бойы суға тола бастады.

Енді Есбол емес, Ортақшыл, Ақ Жайық ауылының малы осы каналдан су ішетін болды. Каналдың су өткізу қабілеті секундына 2 текше метр.

Каналды қалпына келтіру мәселесі ұзаққа созылды. Есбол-Қазыбай және Бақсай каналдарын қайта жаңарту жұмыстары 2022 жылы басталған еді. 2026 жылдың шілдесінде олардың тоқтатылғаны туралы хабарланды. Жобаларды аяқтау үшін республикалық бюджеттен қосымша 452,5 млн теңге қажет болды.


Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.