Атырау, 19 тамыз 11:29
 дождьВ Атырау +22.5
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

Атырауда

Қызылша Теңіз кенішіне вахтамен келген Басқа жаңалықтар

Қызылша Теңіз кенішіне вахтамен келген

Жақында Теңіз кенішінде қызылшамен ауырған төрт жағдай тіркелді. Қызылшаға шалдыққан жұмысшы вахтаға келіп, сол жерде өзінің үш әріптесіне жұқтырып үлгерген. Сөйтіп төртеуі де емханаға түскен. Әрі қарай ауру таралмай, бұл жағдай бақылауға алынды, деп сендіреді Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде. 13 сәуір 2019, 09:46 3 281 рет қаралды
Ұшқан шатырдан ешкім зардап шекпеді Басқа жаңалықтар

Ұшқан шатырдан ешкім зардап шекпеді

Бүгін, 12 сәуірде сағат 14 шамасында Атырауда Балықшыдағы Құнанбаев көшесінде қатты ұйтқыған желдің екпінімен бес қабатты үйдің шатыры ұшып кетті. 125 шаршы метр болатын жабын өтіп бара жатқан адамдардың төбесінен ұшып өтіп, кетіп бара жатқан жеңіл көліктердің үстіне түсті. Бақтарына қарай, ешкім зардап шеккен жоқ. Толықтырылды Сурет Бейнежазба 12 сәуір 2019, 15:59 4 786 рет қаралды
«Атырау Балықтың» орнына тұрғын үй кешені бой түземек Басқа жаңалықтар

«Атырау Балықтың» орнына тұрғын үй кешені бой түземек

Бұрынғы балық өнеркәсібінің алпауыты «Атырау Балықтың» орнына көппәтерлі тұрғын үй кешені салынатын болды.  Өткен ғасырдың 30 жылдарында құрылған Гурьев балық консерві комбинатының КСРО-ға танымалдығы туралы айтудың қажеті де жоқ деп ойлаймын. Комбинат қалатүзуші кәсіпорындардың бірі болып есептелді және Гурьевтің көптеген тұрғындары сонда еңбек етті.   12 сәуір 2019, 15:48 5 411 рет қаралды
АМӨЗ-ге қалдық сулар үшін айыппұл салынды Экология

АМӨЗ-ге қалдық сулар үшін айыппұл салынды

Атырау облыстық экология департаменті экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін АМӨЗ-ге 31,5 млн теңге айыппұл салды. Департаменттің жоспардан тыс тексеру жұмыстарының нәтижелері бойынша зауытқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 331-бабы («Атмосфераға шығарындыларды тазалауға және сарқынды суларды ағызуға арналған жабдықты пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ оны пайдаланбау») және 328-бабына («Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң асып кетуi») сәйкес әкімшілік істер қозғалды. Бірінші бап бойынша айыппұл 252 500 теңге, екінші бап бойынша – 31 374 501 теңге. 12 сәуір 2019, 15:33 4 808 рет қаралды
Ұрып өлтіріп, жағалауға жерлеген Оқиға

Ұрып өлтіріп, жағалауға жерлеген

9 сәуірде Атырауда жауыздықпен кісі өлтіру оқиғасы орын алды. Атырау облыстық Полиция департаментінің және ҰҚК департаментінің қызметкерлері бірлесіп, аса ауыр қылмысты ашты. Ұсталған күдіктілер (олар төртеу болған) мүрдені көмген жерді көрсетті. 12 сәуір 2019, 12:09 5 460 рет қаралды
Тарихын білгеннің болашағы айқын Басқа жаңалықтар

Тарихын білгеннің болашағы айқын

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды. 12 сәуір 2019, 11:51 3 927 рет қаралды
Атырау облысының прокуроры ауысты Басқа жаңалықтар

Атырау облысының прокуроры ауысты

Бұрын осы лауазымды атқарған Ернат СЫБАНҚҰЛОВ ҚР бас көлік прокуроры болды. Расталған ақпарат көздерінің мәліметі бойынша, бүгін облыстық прокуратура қызметкерлері жаңа басшыны – Халидолла ДӘУЕШОВТІ таныстырды. 12 сәуір 2019, 11:46 7 284 рет қаралды
«Бейбарыс» - хоккейден ел чемпионы! Спорт

«Бейбарыс» - хоккейден ел чемпионы!

1 сәуірде Мұз сарайында «Бейбарыс» (Атырау) және «Номад» (Нұр-Султан) командалары арасында хоккейден Қазақстан чемпионатының финалдық плей-оф сериясысының бесінші матчы өтті. Аса тартысты өткен ойында алаң иелері 4:3 есебімен жеңіске жетіп, чемпион атанды.   Сурет 12 сәуір 2019, 11:02 3 471 рет қаралды
Қолға түспейтін браконьерлер Басқа жаңалықтар

Қолға түспейтін браконьерлер

Қазір балықтардың уылдырық шашатын кезі: Браконьерлер түнде де, күндіз де Жайыққа шығады, ал, «Бекіре-2019» акциясына қатысушылар оларды ұстауға және өзенді аулардан тазартуға тырысады. «АЖ» тілшісі Полиция департаменті қызметкерлерімен бірге рейдке шықты. Түн жамылып келе жатып, неге екені белгісіз, ұстатпайтын Джо туралы ежелгі әзілді есіне түсіріп, мырс етті. Дегенмен, қазіргі жағдайда керісінше, браконьерді құрықтау өте қажет. Алайда, бәрібір ұстатпайды-ау.  Сурет Бейнежазба 11 сәуір 2019, 23:02 4 109 рет қаралды
Үйден қашқан бала, көпірден секірген қыздар Басқа жаңалықтар

Үйден қашқан бала, көпірден секірген қыздар

10 сәуірде Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ төрағалық етуімен құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәжілісі өтті. Күн тәртібіндегі мәселе – аймақ тұрғындарының қауіпсіздігі.  Сурет 11 сәуір 2019, 20:32 3 732 рет қаралды
Найзагер батыр Сақал ата Басқа жаңалықтар

Найзагер батыр Сақал ата

Қызылқоға өңірі шежіреге толы, тарихы бай. Cондай аңызға айналған адамдардың бірі, тірі кезінде әулие батыр атанған - Сақал ата. Ол тіпті Исатайдың сарбазы болып, көтеріліске қатысқан деген тарихи деректер де бар. 11 сәуір 2019, 12:02 5 871 рет қаралды
Спорт жаңалықтары Басқа жаңалықтар

Спорт жаңалықтары

Шри-Ланкада балалар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті. Турнирде атыраулық Диляра Ғабитова, Аят Аудуллаев және Зарина Нұрғалиева  бақ сынады. "Рапид" санаты бойынша  З.Нұрғалиева 7 партияда жеңіске жетіп, алтын медальды еншіледі. 11 сәуір 2019, 00:00 3 577 рет қаралды
Атыраудағы марафон Басқа жаңалықтар

Атыраудағы марафон

Жексенбіде, 14 сәуірде жыл сайынғы «Atyrau Marathon – 2019» шарасы кезінде - сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін Орталық көпір – Сәтпаев даңғылы - Әбілқайыр хан даңғылынан «Сұлтан Палас» мейманханасына дейін көлік қозғалысы тоқтатылады. Сондай-ақ, қоғамдық көлік аталмыш көшелердегі барлық қиылыстар бойынша жүре алмайды. Бұл туралы Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 10 сәуір 2019, 17:07 3 514 рет қаралды
Құс еті өнімдерінен ішек таяқшасы табылды Басқа жаңалықтар

Құс еті өнімдерінен ішек таяқшасы табылды

Наурызда Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ет өнімдерінің сапасына тексеру жүргізді. Кейбір сатушылардың гигиеналық нормативтердің және техникалық регламенттердің талаптарын өрескел бұзғаны анықталды: еттен микробтар мен ішек таяқшаларының бактериялары табылған. 10 сәуір 2019, 11:34 3 886 рет қаралды
Атырау маңындағы газхимия кешені: кеше және бүгін Экономика

Атырау маңындағы газхимия кешені: кеше және бүгін

ҚР президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ пен Borealis компаниясы басқармасының төрағасы Альфред ШТЕРННІҢ Атырау облысындағы газхимия кешені құрылысын талқылаған кездесуінен кейін осы тақырыпқа қызығушылық едәуір артты. Тұрғындар оның қандай кешен екенін және оның қайда салынып жатқанын, не  өндіретінін және өңір экологиясына қалай әсер ететінін сұрастыруда. «АЖ» бұл мәселенің түп төркінін анықтаған еді. 10 сәуір 2019, 10:23 5 676 рет қаралды
Долларлар құбырға кетіп жатыр Басқа жаңалықтар

Долларлар құбырға кетіп жатыр

2018 жылы үш ірі ТШО, НКОК және КПО мұнайгаз операторлары сатып алған қазақстандық өнім үлесі - 8%. Бұл туралы мұнайгаз саласындағы стратегиялық серіктестікті дамыту кеңесінің сайтында хабарланған. 10 сәуір 2019, 11:12 3 037 рет қаралды
Бірде көл, бірде шөл Басқа жаңалықтар

Бірде көл, бірде шөл

Көктемді ауыл шаруалары үлкен үміттермен қарсы алады. Алайда шаруа үшін ең маңызды мәселе – су. Мәселен,  Жылыой мен Қызылқоға аудандары Ақтөбеден келетін өр суына тәуелді. Соңғы жылдары су аз, біраз қиындықтар болған. Ал Құрманғазы ауданы, керісінше, су тасқынынан сақтану жолдарын іздеп жатыр. 10 сәуір 2019, 09:50 7 054 рет қаралды
Қызанақ экзотикалық «жеміске» айнала ма? Басқа жаңалықтар

Қызанақ экзотикалық «жеміске» айнала ма?

Әлеуметтік желілерде Атыраудағы негізгі көкөністер бағасының қымбаттап кеткендігі қызу талқылануда. Үлкен супермаркеттерде қызанақтың келісі 1000-1250 теңге, қияр – 720-800 теңге, ал, кей  дүкендерде баға тіпті 1400-ге жетіп қалады.  9 сәуір 2019, 22:16 3 964 рет қаралды