Атырау, 17 маусым 05:24
 дождьВ Атырау +24.6
$ 487.17
€ 565.65
₽ 6.72

Атырауда

Қызылшаға қарсы екпе егу науқаны басталады Басқа жаңалықтар

Қызылшаға қарсы екпе егу науқаны басталады

16 қыркүйекте Атырау облысында 20-29 жас аралығындағы жастарға қызылшаға қарсы қайталап вакцина егу науқаны басталады. Акция бүкіл ел бойынша өткізіледі, оған қатысу ерікті. Бұл туралы брифингте Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ хабарлады. 11 қыркүйек 2019, 11:13 3 998 рет қаралды
Жаңа туған нәрестелерге туберкулезге қарсы екпе салу кейінге қалдырылды Басқа жаңалықтар

Жаңа туған нәрестелерге туберкулезге қарсы екпе салу кейінге қалдырылды

Жапондық өндіруші өзінің БЦЖ вакцинасын кері қайтарып алды. Осы себепті Атырауда жаңа туған сәбилер бірнеше ай бойы бүкіл еліміздегі сияқты туберкулезге қарсы егілмейді. 11 қыркүйек 2019, 10:33 3 548 рет қаралды
Кондукторлар қулығын асырып тұр Басқа жаңалықтар

Кондукторлар қулығын асырып тұр

9 қыркүйекте қаладағы автобус кондукторлары таңертең валидаторлар берілмегендігін айтып, маған билет беруден бас тартты. Басқа жолаушылардан да осылай ақша жинап алды. Басқа автобус кондукторларында валидаторлар болды және жол жүру карталарымен төлем алды. Тек автобус паркіндегі осы функцияға жауап беретін сервер жұмыс жасамай қалды деп карталардағы теңгерімді толтырудан бас тартты. 15 қыркүйектен кейін жол жүру картасы жоқ адамдар үшін жолақы 80 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттағанда бұл қалай болмақ? 11 қыркүйек 2019, 09:48 3 191 рет қаралды
Браконьерлер 264 келі бекіремен ұсталды Оқиға

Браконьерлер 264 келі бекіремен ұсталды

5 қыркүйекте күндіз Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде (қала маңындағы Дамба ауылы жағында) облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері екі Атырау тұрғыны мінген аспалы «Ямаха» моторлы «Байда» қайығын ұстады. Қайықты тексеру барысында жалпы салмағы 264 кг болатын 92 бекіре тұқымдас балық еті, жалпы салмағы 34 кг 39 бекіре тұқымдас балық басы және жалпы салмағы 22 кг болатын 2 сазан, сондай-ақ, ұзындығы 300 метрге жуық торлар мен «Гармин» спутниктік навигаторы табылып, тәркіленіп алынды. Толықтырылды Сурет Бейнежазба 6 қыркүйек 2019, 11:43 8 757 рет қаралды
Құқылы болса да, тізімге ілінбеген Басқа жаңалықтар

Құқылы болса да, тізімге ілінбеген

Атырауда түсініксіз себептермен айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару тізіміне ілікпеген жандар таңғы сағат 4-тен бастап қалалық АХАЖ бөлімінде кезек күтіп отырады. Бұл бөлім келушілердің көптігіне байланысты уақытша Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайының іргеқабатына уақытша «көшіп келген». Сурет Бейнежазба 10 қыркүйек 2019, 17:16 5 742 рет қаралды
Астрахан тас жолында бұзақылар өзбекстандық жүк көліктеріне тас атқылаған Басқа жаңалықтар

Астрахан тас жолында бұзақылар өзбекстандық жүк көліктеріне тас атқылаған

7 қыркүйекте Астрахан тас жолында Исатай ауданы Новобогат ауылына жақын жерде белгісіз бір топ адам Астраханнан Атырауға бара жатқан өзбекстандық жүк көліктеріне тас лақтырған. Бұл туралы жүргізушілердің бірі Нурилло Нуритдинов Facebook-те бөлісіпті. Толықтырылды Бейнежазба 9 қыркүйек 2019, 11:19 4 863 рет қаралды
«Атырау Су Арнасы» миллион текше метр судың қайда кететінін анықтағысы келеді Басқа жаңалықтар

«Атырау Су Арнасы» миллион текше метр судың қайда кететінін анықтағысы келеді

«Атырау Су Арнасы» КМК «Атырау Су Арнасы» КМК-нің жаңа басшылығы су арнасы желілеріндегі су шығынын азайтуға ниетті» деген атаумен баспасөз хабарламасын таратты. «AЖ» хабарламаны жариялап, сонымен қатар өз түсініктемесін де ұсынады. 10 қыркүйек 2019, 12:06 4 368 рет қаралды
Атыраудағы митинг: Қытай экспансиясына қарсы және Макс Боқаев босатылсын! Басқа жаңалықтар

Атыраудағы митинг: Қытай экспансиясына қарсы және Макс Боқаев босатылсын!

7 қыркүйекте Атыраудағы Исатай мен Махамбет алаңында 30-ға жуық адам жиналып, «қытай экспансиясына қарсы» наразылық білдірді. Олар сондай-ақ жазасын өтеп жатқан қоғамдық белсенді Макс БОҚАЕВТЫ босатуды да талап етті. «АЖ» тілшісі митингке қатысушылардың бірі, қоғамдық белсенді Бекболат МҰХАНАЛИЕВПЕН телефон арқылы сөйлесті.    Сурет Бейнежазба 9 қыркүйек 2019, 20:18 5 893 рет қаралды
Атырауда екі жасар сәби 6-қабаттың терезесінен құлап кетті Басқа жаңалықтар

Атырауда екі жасар сәби 6-қабаттың терезесінен құлап кетті

6 қыркүйекте Атырауда Привокзальный ықшам ауданында 6-қабаттың терезесінен 2 жасар сәби құлап кетті. Түрлі жарақат алған сәби облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. 9 қыркүйек 2019, 21:31 3 743 рет қаралды
Өз алмамыз – бір пайыз Басқа жаңалықтар

Өз алмамыз – бір пайыз

Атырауға «Kazenergy» Қазақстандық мұнайгаз және энергетика кешені қауымдастығының төрағасы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур ҚҰЛЫБАЕВ келді. Ол жергілікті бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Сурет 9 қыркүйек 2019, 17:37 3 731 рет қаралды
Виртуал және шынайы өмір: екі дүниеде де жұбыңды табу қиын Басқа жаңалықтар

Виртуал және шынайы өмір: екі дүниеде де жұбыңды табу қиын

Қазіргі ғаламтор ғасырында қарым-қатынас орнату түкке тұрғысыз оңай секілді: хат жазып, кездесу белгілесе болды. Алайда тәжірибелі жеңгетайлардың тәжірибесіне сүйенсек, жаңа технологияның пайда болуы адам мінезіне еш әсер етпейді. Ұялшақ жігіт сол құпия ғашық болған күйінде қалса, талапшыл қыз әлеуметтік желідегі бірнеше суретті көрсе де, жұмсара қоймайды екен. 9 қыркүйек 2019, 16:39 9 770 рет қаралды
Атырауда Динара Сәдуақасованың шахмат академиясы ашылды Басқа жаңалықтар

Атырауда Динара Сәдуақасованың шахмат академиясы ашылды

Динара - Қазақстандағы ең атақты шахматшы, халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы, әр түрлі жас санатындағы 4 дүркін әлем чемпионы, әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер. Бұл Қазақстандағы алғашқы филиал, академияның өзі елордада орналасқан. Сурет Бейнежазба 9 қыркүйек 2019, 16:57 4 988 рет қаралды
Бопсалаумен әшкере болған отбасылық кісі өлтіру Басқа жаңалықтар

Бопсалаумен әшкере болған отбасылық кісі өлтіру

Осыдан бір жыл бұрын қаладағы Торговая база ауданындағы жеке үйлердің бірінде алты жыл бұрынғы болған жантүршігерлік оқиға жария болған еді, оған сол қылмысқа қатысқандардың бірінің бопсалауы себеп болды.   7 қыркүйек 2019, 11:43 5 178 рет қаралды
Бастады-тоқтатты-кейін жалғастырды Басқа жаңалықтар

Бастады-тоқтатты-кейін жалғастырды

Жақында жағалауда жүгіріп келе жатып, «Атырау» ДСК жанында салынып жатқан нысанға назар аудардым. Төлқұжат баннеріне сүйенсек - спорт зал құрылысы өткен жылдың маусым айында басталып, 2019 жылдың мамыр айында аяқталуы тиіс еді. Тапсырыс беруші - облыстық құрылыс басқармасы, мердігер - «ТехникаРЕМ-Строй» ЖШС. Бірақ бүгінде ол жерде тек металл қаңқа ғана тұр, нысанды тапсыру мерзімі кейінге шегерілгендей. Сурет 6 қыркүйек 2019, 15:44 3 355 рет қаралды
Лондонда сәттілік тілейміз, Ержан! Спорт

Лондонда сәттілік тілейміз, Ержан!

Былтыр Джакартада өткен Паразиялық ойындарда екі алтын алқа жеңіп алған 29 жастағы жүзуші Ержан СӘЛІМГЕРЕЕВ 9-14 қыркүйек аралығында Лондонда өтетін Әлем чемпионатына аттанды. Бұл туралы 2016 жылдан бері Е.Сәлімгереевтің дайындығын қадағалайтын облыстық мүгедектер спорт клубының аға жаттықтырушысы Нұрлан ЖҰМАҒАЗИЕВ мәлімдеді. 6 қыркүйек 2019, 12:14 5 087 рет қаралды
Ерлі-зайыптылар өмірі: екі рет зорлап, сосын өлтірген Оқиға

Ерлі-зайыптылар өмірі: екі рет зорлап, сосын өлтірген

«Әйелін зорлады деген не сандырақ?» - деп ойлап, мүмкін Атырау полицейлері мен прокурорлары қызымның күйеуіне шағымданған арызына мән бермеген шығар. Ал үш айдан кейін күйеуі оны айуандықпен зорлап, содан кейін өлтіріп тастады. Егер құқыққорғау органдары өз жұмыстарын дұрыс жасағанда, қызым тірі жүрер ме еді!» - дейді көз жанары жасқа толған Атырау облысының тұрғыны Надежда АНТОХИНА. 6 қыркүйек 2019, 11:30 8 135 рет қаралды
Президенттің Атырауға сапары: негізгі мәселе - мұнай және газ Басқа жаңалықтар

Президенттің Атырауға сапары: негізгі мәселе - мұнай және газ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Атырауға жұмыс сапары барысында «Салтанат Сарайында» мұнайгаз саласын дамыту мәселелері бойынша кеңейтілген мәжіліс өткізді. Жиналғандарды Қазақстан мұнайының 120 жылдығымен құттықтаған мемлекет басшысы Энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВҚА сөз берді. Сурет 5 қыркүйек 2019, 23:13 5 303 рет қаралды
Полицейдің түнгі ұйқысы Басқа жаңалықтар

Полицейдің түнгі ұйқысы

Әлеуметтік желілерде 28 тамыз күні таңғы сағат 4-те Атырау қалалық полиция басқармасының ғимаратында орналасқан Жедел басқару орталығында түсірілген бейнежазба таралуда: «102» пультінің операторлары екі қатарлы темір кереуетте ұйықтап жатыр, ал олардың қызметтік формалары орындыққа ілінген. Қалалық бақылау камераларының жазбалары жинақталатын мониторларда тек екі қызметкер отыр. Бейнежазба 5 қыркүйек 2019, 17:39 5 757 рет қаралды
Атырауда азаматтық белсенді Дианара Мұқатоваға қатысты сот басталды Басқа жаңалықтар

Атырауда азаматтық белсенді Дианара Мұқатоваға қатысты сот басталды

3 қыркүйекте Атырау қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 405-бабының 2-тармағына (Қоғамдық бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу шешiмiнен кейiн олардың қызметiне қатысу) сәйкес айыпталған азаматтық белсенді Дианара МҰҚАТОВАНЫҢ ісі бойынша сот процесі басталды. Бір жарым жыл бұрын оны 174-бап бойынша (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) қылмыстық жауапкершілікке тартуға тырысты, бірақ қылмыстық құрамның болмауына байланысты іс тоқтатылған еді. Алайда Мұқатова қазір тағы да жауапкершілікке тартылуда. Сурет 5 қыркүйек 2019, 15:06 5 277 рет қаралды
«Жұмақ іздеп, тозақтан оралдық» Басқа жаңалықтар

«Жұмақ іздеп, тозақтан оралдық»

Жыл басынан бері ұйымдастырылған «Жусан» гуманитарлық операциясының үш кезеңінде Сириядан Қазақстанға 516 адам, оның ішінде 357 бала әкелінді. «АЖ» тілшісі экстремистік діни ағым ұстанушы күйеуінің уағызымен төрт жыл бұрын кішкентай ұлын ертіп, шекара асқан атыраулық әйелмен әңгімелескен еді. Бейнежазба 5 қыркүйек 2019, 00:00 5 456 рет қаралды
Спорт жаңалықтары Спорт

Спорт жаңалықтары

Петропавлда ардагерлер арасында бокстан ІІІ халықаралық «Ринг королі» турнирі өтті. КСРО спорт шебері Адик Бермешев Атырау облысының намысын қорғады. Рингте 35 жастан асқан 32 боксшы бақ сынады, ал 63 жастағы Адик аға - қатысушылар арасындағы ең жасы үлкені. 5 қыркүйек 2019, 00:00 4 132 рет қаралды