Атырау, 25 қараша 13:30
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда 49 жастағы әйел COVID-19 індетін ұшақта жұқтырған болуы мүмкін

4 739 просмотра


Бұған дейін «Алматы-Атырау»  рейсіндегі жолаушылардың бірі коронавирустық инфекциямен ауруханаға жатқызылған болатын, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

21 наурыз күні келген  «Алматы-Атырау»  рейсінің  кемінде екі жолаушысы  COVID-19 жұқтырған.  Олардың бірі -  29 наурызда  инфекциялық карантин аймағына  орналастырылған 19 жастағы студент болса,  екіншісі - бүгін, 31 наурызда коронавирус инфекциясы анықталған 49 жастағы әйел. Әйелдің  қауіпті ауру жұқтырғаны студентпен байланыста болған адамдарды тексеру кезінде расталған.

Осыған  дейін, студенттің  «Алматы-Атырау» бағытындағы рейспен 17 наурыз да келгені  хабарланған болатын.  Кейінірек студент  жігіттің Атырауға   21 наурызда келгені  айқындалды.

Аталған  рейстегі барлық жолаушылар анықталып, оқшауланды, қазіргі уақытта оларға  ПТР-тест жасалуда.

31 наурыз 2020, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.