Атырау облысында «Қазпочта» санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейтіп, штаттық режимде жұмыс істеуде. Картасыз зейнетақы және жәрдемақы алушыларға, сондай-ақ 65 жастан асқан зейнеткерлерге пошташылар үйлеріне жеткізіп береді.
- Облыс орталығы бойынша 972 зейнеткердің зейнетақысын үйіне жеткізіп беретінбіз. Олар денсаулығына байланысты үйден шықпайды. Енді оларға 65 жастан асқан зейнеткерлерді қосамыз. Олардың саны әлі анықталуда. Зейнетақысын қалаған уақытында кез-келген жерден түсіріп алуға және қолма-қол ақшасыз төлем жасау үшін қосымша карточкалар дайындалады. Зейнетақы төлемдері әдетте әр айдың 2-нен 10-на дейін жүргізіледі. Жәрдемақылардың кейбірі, мәселен АЭК, айдың аяғында есептеледі, - дейді «Қазпошта» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Алтын САДЫКОВА.
А.Садықованың айтуынша, зейнетақы мен жәрдемақыны пошташы байланыссыз береді. Бұл іс жүзінде қалай қалай жүзеге асырылады? Пошта қызметкері қорғаныс құралдарын, яғни маска мен қолғап қиіп, зейнетақы алатын адамнан метрден астам алшақ тұрып, ақшаны қаптамада тапсырады. Зейнетақыны алған адам тізімге алдым деп қол қойып, пошта қызметкеріне береді. Пәтерге кіруге рұқсат етілген, бірақ бір метр ара қашықтықты сақтау керек.
«Казпочтаның» жергілікті филиалында 260 қызметкер клиенттерімен тікелей байланыста жұмыс істейді. Атырауда 11 байланыс бөлімшесі бар, олар таңғы сағат 9-дан 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Хат-хабарларды қабылдау және жеткізу әдеттегі тәртіппен жүзеге асырылады, бірақ ТЖ байланысты сәлемдемелерді жеткізу бірнеше күнге кешіктірілуі мүмкін. Бөлімшелер үнемі санитарлық өңдеуден өткізіледі. Келіп тұрған сәлемдемелерді абоненттер өздері алуына болады немесе үйге жеткізуге тапсырыс бере алады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА