Атырау, 25 қараша 13:32
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Суши-бар әкімшісі жазаланды

3 506 просмотра


Атырауда қаладағы танымал суши-бардың әкімшісі қызметкерлері клиенттерге маска мен қолғапсыз қызмет көрсеткені үшін 3 тәулікке қамауға алынды.

Мамандандырылған әкімшілік соты суши-бардың 35 жастағы әкімшісінің қызметкелерін жеке қорғаныс құралдарымен - бір рет қолданылатын маска және қолғаппен қамтамасыз етпей, төтенше жағдай режимін бұзғанын анықтады.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады. Прокурор соттан оны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабының 6-тармағы (Міндетті санитарлық және эпидемияға қарсы шараларға қатысты төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша кінәлі деп танып, 15 тәулікке қамауды сұрады. Сот үш күн жазамен шектелді.

Фархат ӘБІЛОВ

29 наурыз 2020, 18:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.