Атырау қаласына қатынайтын жолаушы тасымалдау пойыздары тоқтатылады деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ.
2020 жылдың 30 наурызынан бастап Атырау станциясында жолаушыларды отырғызу және түсіруге, аталған станцияға дейін және кейін жол жүру билеттерін сатуға тыйым салынды.
29 наурыздан бастап №692/691 Ақтөбе-Атырау пойыздарының бағыты Доссор станциясына дейін қысқарады. 30 наурыздан бастап №41/42 «Атырау-Шу" және №313/314 «Атырау-Маңғыстау» бағыттарындағы, ал 1 сәуірден бастап №47/48 «Атырау-Бурабай шипажайы» бағытындағы жолаушылар пойызы тоқтайды.
Атырау станциясына дейін және кейін билет алып қойған жолаушылар билеттерін тапсырып, билет сатып алған ақшасын толық қайтарып ала алады.