30 наурыздан бастап Атырауда жарияланған карантинге сәйкес, Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген режиммен жұмыс істеуде. Бұл күндері үйде отыруға мәжбүр болған Халық шығармашылығының қызметкерлері тәртіп сақшыларына 100-ден астам қорғаныш маска тігіп берді. 31 наурызда орталық директоры Бақытбек САРТБАЕВ оларды патрульдік полиция қызметкерлеріне табыс етті.
- Төтенше жағдай жарияланған күннен, яғни, 16 наурыздан бастап полиция қызметкерлерінің барлығы күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Олар медициналық маскалармен және басқа да індеттен қорғану құралдарымен қамтылды. Полиция департаменті мәдениет қызметкерлеріне көмектері үшін алғыс білдіреді, - деп хабарлады Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ПД баспасөз қызметі ұсынған бейнежазба