Сонымен қатар, жүзден аса адаммен байланыста болғандардың саны шамамен 400 адам, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазіргі таңда құзырлы органдар жұқтырған адамдармен байланысқан адамдарды анықтау және оқшаулау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Атырау облысының бас санитарлық дәрігерінің бұйрығымен әуежайдан дереу оқшаулап, ауруханаға жатқызылған адамдарды қоспағанда, барлық жұқтырғандардың мекен-жайларында карантин жарияланды. Қазіргі уақытта Атырау қаласы мен қала маңындағы ауылдық окгругтерде Covid-19 инфекциясының 11 ошағы тіркелді.