Атырау, 25 желтоқсан 10:11
 ашықВ Атырау -8
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Үйден шығамын деп, жауапқа тартылды

4 374 рет қаралды


Әлеуметтік желіде аулада жүрген егде жастағы әйелмен сөзге келіп қалған бір адамның бейнежазбасы тарады. «Сіз пәтерден шықпауыңыз керек, сіз науқас адаммен қарым-қатынаста болып, екі аптаға үйде оқшаулануыңыз керек еді ғой»! дейді кадр сыртындағы дауыс. «Білемін, бірақ мен науқас емеспін!» - дейді әйел. Біраз салғаласқаннан кейін әйел үйіне қарай беттейді. Бұл бейнежазбаны полиция да көрді.

- Карантин режимін бұзып,сыртқа шығып кеткен Атырау тұрғынына қатысты ҚР  ӘҚБтК-нің 476 бабымен әкімшілік хаттама толтырылды, - дейді Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлназира МҰҚТАРОВА. - Іс-құжаттар сотқа жолданды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды

30 наурыз 2020, 13:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.