Атырау, 15 қазан 11:55
 дождьВ Атырау +15.6
$ 450.62
€ 504.20
₽ 5.36

Атырауда екі күнде миграция заңнамаcын бұзған 200-ден астам шетелдік анықталды

57 рет қаралды

12-16 қазан аралығында Атырауда миграция заңнамасын бұзғандарды анықтауға бағытталған «Заңсыз мигрант» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Атырау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, екі күн ішінде қызметкерлер шетелдіктердің елде жүру ережесі мен тіркеу талаптарының сақталғанын тексерді.

Нәтижесінде миграция заңнамасын бұзған 222 шетел азаматы анықталды. Олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, құрылыс нысандарында жүргізілген рейд кезінде полиция қызметкерлері Қазақстанда заңсыз жүрген 100-ге жуық шетел азаматын анықтады. Оларға қатысты жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Сондай-ақ миграция заңнамасын өрескел бұзғаны үшін 16 шетелдік Қазақстан аумағынан шығарылды.

Бүгін, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.