Қазір Атырауда коронавирус жұқтырған алты науқаспен байланысқан 109 адам анықталып, оқшауланды.
Коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтау үшін олардан анализ алынды. Нәтижесінде 67 адамның тесті теріс деп шықты, ал, қалған 42 байланысушының тест қорытындысы жақын арада белгілі болады.
Жергілікті билік атыраулықтарды оқшаулануға, жеке бас гигиенасын қатаң сақтауға, сондай-ақ халық көп шоғырланатын орындарға бармауға шақырады.
Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі