Соңғы апталарда Атырау облысы журналистері елдегі және өңірдегі жағдайды халыққа шұғыл түрде жеткізу үшін қарқынды қызмет етуде. Бұл жерде жеке бас қауіпсіздігін де ұмытпаған жөн. Кәсіби міндетін атқарып жүрген БАҚ өкілдеріне қолдау көрсетіп, жанашырлық танытқан қала тұрғындары, кәсіпкерлер медициналық маска мен санитайзер сатып алу үшін аз уақыт ішінде 247 мың теңге жинап берді.
Нәтижесінде жергілікті журналистерге 1000 маска мен 50 литр санитайзер жеткізілді.
«АЖ» басқа да бұқаралық ақпарат құралдарындағы әріптестерімен бірлесіп, қолдау көрсеткен барша азаматтарға алғысын білдіреді. Бірге жеңеміз!
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА