Атырау, 25 қараша 13:43
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

30 наурыздан бастап Атырауда карантин енгізіледі

Шұғыл Толықтырылды
11 378 просмотра


Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылдың 29-наурыздағы №8 қаулысына сәйкес 2020 жылдың 30-шы наурызы сағат 00.00-ден бастап Атырау қаласы аумағына карантин жарияланады. 

Қауылының толық мәтіні жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарыққа шығады.

Құрметті атыраулықтар!

Коронавирустың таралуына қатысты қазіргі жағдайды ескере отырып, ертең Атырау қаласына кіруге және одан шығуға, сонымен қатар қоғамдық көліктерде жұмыс уақытына шектеулер қойылады.
Қызмет көрсету секторының (сұлулық салондары, моншалар және т.б.) жұмысы тоқтатылады.
Құрылыс базарлары, сауда орталықтары мен маңызды тауарларға қатысы жоқ сауда нүктелері, тауарларды жеткізу арқылы сату мүмкіндігін сақтай отырып жабылады.
Балабақшалар жұмысы тоқтатылады.

Азық-түлік базарлары мен дүкендер, дәріханалар бұрынғы қалыпта жұмыс істейді.
Коммуналдық қызметтер, жөндеу қызметтері, тазалау және зарарсыздандыру қызметтері шектеусіз жұмыс істейді.
Толығырақ бүгін жарияланады.

Барлық жұмыстарды облыстық штаб үйлестіреді, әкімдіктер онлайн режимінде қол жетімді. Әлеуметтік желілердегі азаматтардың барлық өтініштері бақыланады, жауаптар 109 сенім телефоны арқылы беріледі.

Сіздерден түсіністік танытуды сұраймын.


Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

29 наурыз 2020, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.