Науқас «Алматы-Атырау» бағытындағы рейспен келген, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда науқас оқшауланып, инфекциялық стационарға жатқызылған. 49 жастағы әйелдің жағдайы тұрақты, өзін жақсы сезінуде.
Белгілі болғандай, ол 21 наурыз күні Атырауға Алматыдан ұшып келген. Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары жүргізіліп, коронавирус инфекциясын жұқтырған науқаспен байланыста болған адамдар оқшаулануда.
Өңірлік коммуникациялар қызметі