Атырау, 25 қараша 13:26
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алғы шептегі медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төленеді

4 814 просмотра


Жұқпалы аурулар стационарында қызмет ететін дәрігер, орта және кіші буын медицина қызметкерлері қауіптілігі жоғары топқа жатқызылып, алдағы үш айда еңбеақысына қосымша әрқайсысы 850 мың теңге үстеме ақы алатын болды.

Бұл туралы онлайн брифингте ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен АБАЕВ хабарлады.  Қомақты үстеме ақы алатын медиктердің тағы екі тобы қаралған. Екінші топқа енген провизорлық стационардың және «жедел жәрдем» дәрігерлері мен орта және кіші буын қызметкерлері  - 425 мың; үшінші топқа енген карантиндік стационар дәрігері мен орта және кіші буын қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер, «жедел жәрдем» жүргізушілеріне 212,5 мың теңге үстеме ақы төленеді.

Сондай-ақ, министрдің айтуы бойынша, оларды сақтандыру мәселесі де шешілді. Ауру жұқтырып алса, 2 млн теңге көлемінде өтемақы, ал өліп қалған жағдайда отбасына 10 млн теңге төленеді.

Қазір Атырау облысындағы 6400 медицина қызметкерінің коронавирусқа қарсы шараларға 562 қатысуда. Бөліп айтар болсақ, №2 облыстық ауруханада 26 дәрігер, 60 орта буын қызметкерлері және 60 санитар; провизорлық орталықта 22 дәрігер, 48 орта буын және 48 кіші буын  қызметкері; карантиндік стационарда 60 дәрігер, 119 орта және 119 кіші буын қызметкерлері қызмет етуде. 

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

30 наурыз 2020, 19:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.