Атырау, 15 қазан 11:49
 дождьВ Атырау +15.6
$ 450.62
€ 504.20
₽ 5.36

Автобус пен мопедтің соқтығысуы: Алматыдағы қайғылы оқиға ісі қайта қаралады

61 рет қаралды
Фото ChatGPT көмегімен жасалған
Фото ChatGPT көмегімен жасалған

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Бас прокуратураның наразылығы бойынша Алматы қаласында автобус пен мопедтің қатысуымен болған адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына қатысты істі қайта қарауға жіберді. Қадағалаушы орган бұған дейін өтемақы төлеуден жалтарған қызметтік көліктің иесі — автокәсіпорынды материалдық жауапкершілікке тартуды талап етті.

Қайғылы жол апаты Алматы көшелерінің бірінде болған. Қызметтік автобус пен мопедтің соқтығысуы салдарынан әйел адам қаза тапқан.

Бұған дейін бірінші сатыдағы сот екі жүргізушіні (И. және К. есімді азаматтарды) кінәлі деп танып, оларды марқұмның туыстарына моральдық зиян үшін өтемақы ретінде 25 миллион теңге төлеуге міндеттеген. Алайда жоғары қауіп көзі болып саналатын, яғни автобус тиесілі заңды тұлға — жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) азаматтық жауапкер ретінде іске мүлде тартылмаған.

Бас прокуратураның ұстанымы

Қылмыстық іс материалдарын зерделеу барысында прокурорлар заңнама талаптарының елеулі түрде бұзылғанын анықтады. Азаматтық заңнамаға сәйкес, заңды тұлға өз қызметкерлері жұмыс барысында жоғары қауіп көзі арқылы келтірген зиян үшін жауапкершілік көтеруге міндетті.

«Жоғары қауіп көзінен келтірілген зиян үшін жүргізушілер жұмыс істейтін кәсіпорын жауапты болуы тиіс», — деп атап өтті қадағалаушы орган.

Сот алқасының шешімі

Бас прокурордың наразылығы бойынша кассациялық сатыдағы сот азаматтық талапқа қатысты сот актілерінің күшін жойды.

Іс қайта қарау үшін сотқа жіберілді. Енді сот сотталған жүргізушілердің ғана емес, автокәсіпорынның да материалдық және моральдық жауапкершілігінің нақты мөлшерін анықтауы тиіс.

Бүгін, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.