Бүгін, 29 наурыздан бастап, Атыраудағы автобекет толығымен жабылды. Барлық қалааралық рейстер тоқтатылды. Ал «Астрахань» бағытына жүретін автобус бұдан бұрын тоқтаған болатын.
Автобекет жабылмай тұрып, автобустар Орал, Құлсары және Бейнеу ауылдарына (Маңғыстау облысы) әрлі-берлі жүйелі жүріп тұратын.
Ал Маңғыстау облысында «Бейнеу-Атырау» және «Боранқұл-Құлсары» бағытындағы автобустардың қызметі тоқтатылды.
Фархат ӘБІЛОВ