Атырау, 12 қазан 02:33
 дождьВ Атырау +15.1
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Атырауда

«Бізден ақша алғандар жауап берсін» Атырауда

«Бізден ақша алғандар жауап берсін»

Атырауда «Мегамозг» оқу орталығындағы балалардың алданған ата-аналары алаяқтық дерегі бойынша істің тергеу барысына шағымданды. Тергеу ісі былтыр жыл соңынан бері жүріп жатыр. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі («Екі немесе одан да көп адамға қатысты алаяқтық») бойынша іс қозғалды. Айыпталушы бес әйел, сондай-ақ басты күдікті - 29 жастағы Аида Мақсотова болған. Жақында бес әйелге қатысты істің тоқтатылғаны белгілі болды. 25 шілде 2023, 16:46 1 110 рет қаралды
Бардағы бұзақылар Оқиға

Бардағы бұзақылар

Атырау полицейлері қаладағы барлардың бірінде қызды соққыға жыққан оқиғаны тергеп жатыр. Полиция департаменті «күдіктілердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды, сот-медициналық сараптама тағайындалды» деп қана хабарлады. 25 шілде 2023, 16:17 1 466 рет қаралды
Бассейндегі төбелес жасөспірімге «тиіскен» соң басталған Атырауда

Бассейндегі төбелес жасөспірімге «тиіскен» соң басталған

Әлеуметтік желіде Атыраудағы «Саванна» бассейнінде болған төбелестің видеосы тарады. «Папа!» деп қыздың айқайлаған дауысы шығады, бірақ оны ешкім естімейді, бассейннің төңірегіндегі төбелес жалғасады. Ал тағы бір видеода жедел жәрдем қызметкерлері жас жігітті зембілмен алып бара жатыр. 25 шілде 2023, 15:58 1 479 рет қаралды
Жылыойлық 30 оқушы Алматыдағы жазғы лагерьде демалуда Атырауда

Жылыойлық 30 оқушы Алматыдағы жазғы лагерьде демалуда

Биыл «Теңізшевройл» (ТШО) кәсіпорны енгізген Жылыой ауданын дамыту бағдарламасы аясында Алматы қаласындағы Қазақ-Британ техникалық университетінің базасында ұйымдастырылған жазғы лагерьге Жылыой ауданының 30 оқушысы аттанды. Олар ағылшын тілін оқып, «Python» бағдарламалау тілін және робототехниканы үйренеді. Сурет 24 шілде 2023, 17:20 1 338 рет қаралды
«Қаланың жартысы жарықсыз қалды»: «Атырау Жарық» себебін түсіндірді Атырауда

«Қаланың жартысы жарықсыз қалды»: «Атырау Жарық» себебін түсіндірді

Жарықтың өшу себебін білу үшін 109 қызметіне қоңырау шалғанымызда, апат салдарынан қаланың жартысы жарықсыз қалғанын, «Атырау Жарық» бригадасы жөндеу жүргізіп жатқанын айтты. Кенеттен жарықтың өшуі салдарынан Махамбет-Абай қиылысындағы бағдаршам да істемей қалды. 22 шілде 2023, 22:47 1 622 рет қаралды
«Біз BINOM мектебінен 300 метр жерде тұрамыз: бізді неге қабылдамады?» Атырауда

«Біз BINOM мектебінен 300 метр жерде тұрамыз: бізді неге қабылдамады?»

Атыраудағы екі BINOM мектебіне өтініш қабылдауға байланысты дүрлігістің ертеңіне Нұрсая ықшам ауданының бір топ тұрғыны Сарыарқа ықшам ауданындағы Дінмұхамед Қонаев атындағы БИНОМ мектебінің алдына жиналды. Олар бұл мектепке балаларын қабылдау туралы өтінішті портал арқылы онлайн тапсырып үлгерместен, мектеп әкімшілігіне, облыстық білім беру басқармасына, қалалық білім беру бөліміне толғандырған сауалдар жиналып қалды. Сурет Бейнежазба 22 шілде 2023, 22:26 2 111 рет қаралды
Ескерту жасалған көлік жол апатына ұшырады Оқиға

Ескерту жасалған көлік жол апатына ұшырады

Атыраулық полицейлер облыс және аудан орталықтарынан шыға беріс тасжолдарда барлық көлік жүргізушілеріне жол қауіпсіздігін назардан шығармау қажеттілігін айтып түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Алайда оны елемейтіндер баршылық. Бейнежазба 22 шілде 2023, 15:40 2 088 рет қаралды
«Сырым Датовтағы қайта жаңғырту жұмыстары талапқа сай» Атырауда

«Сырым Датовтағы қайта жаңғырту жұмыстары талапқа сай»

С.Датов көшесіндегі жолдың қалыңдығы талапқа сай. Бұл туралы «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының жетекші сарапшысы Ғибадат ТҰРАРБЕКОВ айтты. 21 шілде 2023, 15:38 1 807 рет қаралды
Атырауда тағы 2 BINOM мектебі салынады Атырауда

Атырауда тағы 2 BINOM мектебі салынады

Атырау қаласында демографиялық өсімнің жоғары болуына байланысты келесі жылы тағы 2 BINOM мектебі салынады. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВ өзінің телеграм каналында жазды. 21 шілде 2023, 14:35 1 812 рет қаралды
Атырау облысындағы ауылдарға миллиардтар бөлінеді Атырауда

Атырау облысындағы ауылдарға миллиардтар бөлінеді

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рафик АБУОВТЫҢ хабарлауынша, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша осы жылы облысымыздағы 25 ауылды жаңғыртуға 9,8 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Облыста 300,3 адам тұратын 153 ауыл бар. Мемлекеттік бағдарлама аясында даму әлеуеті бар 93 ауыл іріктелді. 21 шілде 2023, 14:34 1 833 рет қаралды
BINOM төңірегіндегі дүрлігіс: ата-аналар бұл мектептен балалары жақсы білім алады деп ойлайды Атырауда

BINOM төңірегіндегі дүрлігіс: ата-аналар бұл мектептен балалары жақсы білім алады деп ойлайды

Бүгін, 20 шілдеде Атырауда BINOM мектептеріне 1-4 сыныптарға құжат тапсырудың бірінші кезеңі аяқталды. Әлеуметтік желілерде бұл жағдайға ренішті жандар көп: таңертеңнен бері https://mektep.snation.kz порталын бағумен болса да, санаулы минуттардың ішінде құжат тапсыруға үлгермей қалғанына шағымдануда. 20 шілде 2023, 20:07 1 701 рет қаралды
Құм көшкіні ауылдарды тығырыққа тіреді Атырауда

Құм көшкіні ауылдарды тығырыққа тіреді

Исатай ауданындағы ауылдарда құм көшкіні жайы өте күрделі жағдайда қалып отыр. Секесеуіл егіп, бұл қиындықтан шығудың жолын қарастырғанымен ол шаруа да оқсамай тұрған көрінеді.  Сурет Бейнежазба 20 шілде 2023, 16:55 2 570 рет қаралды
Мал болмаса, мемлекеттен жайылым не үшін керек? Атырауда

Мал болмаса, мемлекеттен жайылым не үшін керек?

Құрманғазы ауданының прокуратурасы кадастрлық құны 6 миллион теңгеден асатын жалпы көлемі 3 мың гектарға жуық 14 жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды Атырау облысының прокуратурасы. 20 шілде 2023, 15:58 1 814 рет қаралды
Атырау облыстық сотына жаңа төраға тағайындалды Атырауда

Атырау облыстық сотына жаңа төраға тағайындалды

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашид Жүкенов өңірдің сот корпусына облыстық соттың жаңа төрағасы Мұхтар Парменовты таныстырды, деп хабарлайды Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі. 20 шілде 2023, 15:35 1 765 рет қаралды
Атырау облысына ЖОО оқуға 1500 нысаналы грант бөлінді Атырауда

Атырау облысына ЖОО оқуға 1500 нысаналы грант бөлінді

Атыраудағы мектеп бітіруші түлектерге педагогика ғылымдары бойынша 283 грант, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика бағыты бойынша 49 грант, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытына 561 грант, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары бойынша 607  грант бөлінді. Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан ЕМЕЛБАЕВ мәлім етті. 20 шілде 2023, 11:55 1 785 рет қаралды
ТШО: «Көгалдандыру жоспар бойынша жүзеге асып жатыр» Атырауда

ТШО: «Көгалдандыру жоспар бойынша жүзеге асып жатыр»

Жуырда Атырау облысына келген Мәжіліс депутаттары «Теңізшевройл» ЖШС өз міндеттемелерін дұрыс орындамай отыр деп сынаған еді. «АЖ» осыған орай ТШО компаниясына сауал жолдап, төмендегі жауапты алды: 20 шілде 2023, 11:53 1 548 рет қаралды
Балықшыда апатты қалпына келтіру жұмыстарына байланысты екі мекенжайда жарық болмайды Атырауда

Балықшыда апатты қалпына келтіру жұмыстарына байланысты екі мекенжайда жарық болмайды

20 шілде күні сағат 08:00-19:00 аралығында  “Атырау Облысы Су Арнасы" КМК мекемесі Балықшы ықшам ауданында апатты қалыпқа келтіру жұмыстары кезінде қауіпсіз жұмыстар жүргізу мақсатында Қожақаев көшесі 21, Бейбітшілік көшесі 62 мекен-жайларындағы көп пәтерлі үйлерде электр жарығы болмайтынын хабарлайды.  19 шілде 2023, 22:58 1 447 рет қаралды