Атырау, 27 қараша 16:46
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Қаланың жартысы жарықсыз қалды»: «Атырау Жарық» себебін түсіндірді

1 325 просмотра

Жарықтың өшу себебін білу үшін 109 қызметіне қоңырау шалғанымызда, апат салдарынан қаланың жартысы жарықсыз қалғанын, «Атырау Жарық» бригадасы жөндеу жүргізіп жатқанын айтты. Кенеттен жарықтың өшуі салдарынан Махамбет-Абай қиылысындағы бағдаршам да істемей қалды.

Біраз уақыттан кейін бұл жағдайға қатысты «Атырау Жарық» түсініктеме берді.

«Батыс өңірінің электр станцияларында өндірілетін қуаттың тапшылығына және 220 кВ Орал-Атырау транзиттік желісінде қуаттылықтың артуына байланысты транзиттік желідегі шекті жұмыс режимінде электр қуатын өшіру арқылы апатқа қарсы ЖААА (жүктемені арнайы автоматты ажыратқыш) автоматикасы іске қосылады.

Бұл автоматика апаттық бұзылу кезінде жүктеме торабының тұрақтылығын сақтау үшін бір немесе бірнеше электр желісін ажырату секілді жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта Жүйелік оператордың бұйрығымен қуат жеткіліксіз болған жағдайда, шектеу енгізу кестесіне сәйкес Атырау облысы бойынша заңды тұлғалардың электр энергиясына шектеу қою арқылы жарықтың қайта өшуіне жол бермеу шаралары жүргізілуде».

22 шілде 2023, 22:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.