Атырау қаласында демографиялық өсімнің жоғары болуына байланысты келесі жылы тағы 2 BINOM мектебі салынады. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВ өзінің телеграм каналында жазды.
Әкімнің орынбасарының айтуынша, жаңа BINOM мектептері Авангард ықшамауданында және Жәңгір хан және Тұмар ханша көшелері қиылысқан ауданда салынады. Қазіргі уақытта қажетті жер телімін анықтау, бекіту жұмыстары жүріп жатыр. Заманауи форматтағы жайлы мектептер мемлекет пен жекеменшік әріптестік аясында салынғалы отыр.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ