Атырау, 27 қараша 17:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

ТШО: «Көгалдандыру жоспар бойынша жүзеге асып жатыр»

1 353 просмотра

Жуырда Атырау облысына келген Мәжіліс депутаттары «Теңізшевройл» ЖШС өз міндеттемелерін дұрыс орындамай отыр деп сынаған еді. «АЖ» осыған орай ТШО компаниясына сауал жолдап, төмендегі жауапты алды:

«Теңізшевроил» ЖШС өз қызметін қауіпсіз, сенімді және экологиялық жауапты түрде жүзеге асыруға ұмтылады. Атырау облысының экологиялық мәселесін кешенді шешу жөніндегі жол картасын іске асыру шеңберінде ТШО-ға 644 гектар аумақ жер бөлінді. Оның ішінде Атырауда 594 гектар және Құлсарыда 50 гектар жасыл желек өсіруге жарамды деп танылды. Бүгінгі таңда ТШО Құлсары қаласында бөлінген 15 гектар жерге 9000 көшет отырғызды. Биыл мердігер компания көшеттерді суарып, оларға күтім көрсету жұмыстарын жалғастырып келеді. Ал қазіргі уақытта ТШО күзгі егіс жұмыстарына дайындалып жатыр».  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 шілде 2023, 11:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.