С.Датов көшесіндегі жолдың қалыңдығы талапқа сай. Бұл туралы «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының жетекші сарапшысы Ғибадат ТҰРАРБЕКОВ айтты.
«С.Датов көшесіндегі қайта жаңғырту жұмыстарының сапасын қарадық. Арнайы құрылғымен керн кескіндерін алдық. Керн кескінінің төменгі қабатының қалыңдығы - 12,3 см, ал, жоғары қабаты 6 см екен. Бұл көрсеткіштер талапқа сай», - деді Ғ.Тұрарбеков.
Естеріңізге сала кетейік, қайта қалпына келтірілуі тиіс ұзындығы 4690 метр С.Датов көшесіндегі жолдың 1500 метрі өткен жылы жөнделді. Биыл тағы 2 шақырымы қайта жаңғыртылады. Қазір оның 600 метр аумағында жұмыс аяқталып, жол көлік қозғалысы үшін ашылды.
Қайта жаңғырту жұмыстары кезінде жолдың ені кеңейтіліп, екі жағына да жаяу жүргінші жолы салынып жатыр.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА