Атырау, 27 қараша 17:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атырау облыстық сотына жаңа төраға тағайындалды

1 541 просмотра

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашид Жүкенов өңірдің сот корпусына облыстық соттың жаңа төрағасы Мұхтар Парменовты таныстырды, деп хабарлайды Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Іс-шараға судьялар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ Сот әкімшілігі департаментінің басшылары қатысты.

"Ә.Жүкенов М.Парменовты таныстыра отырып, ол өзінің кәсібилігі мен судьялық тәжірибесін сот төрелігін сапалы жүзеге асыру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың сотқа деген сенімін арттыру үшін пайдаланатынына сенім білдірді" делінген хабарламада.

Анықтама:
Мұхтар Парменов 1967 жылы ОҚО, Арыс қаласында дүниеге келген.
1991 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
1991-1993 жж. – Шу көлік прокурорының аға көмекшісі.
1993-1994 жж. – ОҚО сотының азаматтық істер бойынша кеңесшісі.
1994-1996 жж. – Шымкент қаласы Еңбекші халық сотының халық судьясы.
1996-1997 жж. – Шымкент қалалық сотының судьясы.
1997-1998 жж. – Шымкент қаласы Еңбекші сотының судьясы.
1998-2005 жж. – Шымкент қалалық сотының судьясы.
2005-2009 жж. – Түркістан қалалық сотының судьясы.
2009-2010 жж. – Шымкент қаласы Абай аудандық сотының судьясы.
2010-2018 жж. – Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының, Шымкент қалалық сотының судьясы.
2018 жылдан бастап қазіргі тағайындалуға дейін - Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

20 шілде 2023, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.