Тамызда С.Датов көшесінің жол бөлігі пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
«С. Датов көшесі қайта жаңғырту мақсатында шілде айында жабылды. Төрт жолақты жолдың жалпы ұзындығы 4,7 шақырымды құрайды.
Аталған көшенің Баймұханов көшесінен Уәлиханов көшесіне дейінгі аралығы 1 тамызда ашылады. Қазіргі таңда 1,85 шақырымы аяқталды», - деп хабарлады қалалық әкімдік.
Сонымен қатар, бүгінге дейін Қабанбай батыр көшесінен Уәлиханов көшесіне дейінгі аралық жасалып, қолданысқа берілгені хабарланады.