Атырау, 1 наурыз 08:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44

Атырау облысында 15 мыңға жуық бала 1-сыныпқа барады

688 рет қаралды

1 тамызда олардың нақты саны белгілі болады, бірақ әзірге құжаттар қабылданып жатыр.

 – Өткен оқу жылында облыс бойынша 1-сыныпты 16 259 оқушы бітірді. Биыл біздің алдын ала болжамымыз бойынша 14880 бала мектепке барады. Бүгінде 12 444 өтініш берілді, оның 12 372-сі интернет арқылы. Өтініштер 1 тамызға дейін қабылданады, – дейді облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира ТҰҢҒАТАРОВА.

Айта кетейік, бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірде басталды. Өтінішті баланың ата-анасы немесе заңды өкілі беруі керек. Сондай-ақ туу туралы куәліктің көшірмесін, 026/у-3 нысанындағы, 065/у нысанындағы денсаулығын растайтын құжаттарды және 3х4 өлшемдегі екі фотосуретті ұсыну қажет. Қабылдау жасы - 6 жастан бастап.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 шілде 2023, 12:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.