Әлеуметтік желіде Атыраудағы «Саванна» бассейнінде болған төбелестің видеосы тарады. «Папа!» деп қыздың айқайлаған дауысы шығады, бірақ оны ешкім естімейді, бассейннің төңірегінде төбелес жалғасады. Ал тағы бір видеода жедел жәрдем қызметкерлері жас жігітті зембілмен алып бара жатыр.
- 22 шілдеде сағат 20:09 шамасында №2 полиция бөліміне Жұлдыз тас жолының бойында орналасқан «Саванна» бассейн кешенінде белгісіз біреулердің арасында төбелес болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Хабарламаны тексеру барысында 2007 жылғы жасөспірімнің құтқарушылардың біріне әлдебір ер адамның өзіне «тиіскеніне» шағымданғаны, соның салдарынан құтқарушылар мен бассейнге келушілер арасында төбелес болғаны анықталды, - деп хабарлайды Атырау облысы ПД баспасөз қызметі. - 2001 және 2005 жылы туған екі азамат түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді. 1993, 1994 және 1995 жылы туған күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Айнұр САПАРОВА
Бейнежазбадан алынған скриндер