Атырау, 27 қараша 16:37
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​Атырау облысында екі жаңа судья тағайындалды

Сурет
1 453 просмотра

Атырау облыстық сотының төрағасы Мұхтар Пәрменов сот ұжымдарына облыста жаңадан тағайындалған судьяларын таныстырды.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Президентінің №287 Жарлығымен НУРИМОВА Тыныштық Темірғалиқызы Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, Атырау қаласының №2 сотының судьясы лауазымына; ШАҚПАҚОВА Нұргүл Ысқаққызы Атырау облысының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы лауазымына тағайындалды.

Тыныштық Нуримова еңбек жолын 1984 жылы Атырау облысы Мақат аудандық сотының хатшысы лауазымынан бастаған. Әр жылдары Атырау облысы Индер АХАЖ меңгерушісі, Атырау облысы Индер аудандық атқару комитетінің заң кеңесшісі, Индер аудандық сотының кеңсе меңгерушісі лауазымдарында еңбек еткен. 2014 жылы ҚР Президенті Жарлығымен Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметіне тағайындалып, күні бүгінге дейін атқарды.    

Нұргүл Шақпақова еңбек жолын 2011 жылы Орал қаласының әкімшілік сотының сот отырысы хатшысы лауазымынан бастаған. Кейін Астана қаласының Байқоңыр аудандық сотында да осындай қызметте жасады. 2018 жылы ҚР Президенті Жарлығымен Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы қызметіне тағайындалып, атқарып келді.  

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі ұсынды

25 шілде 2023, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.