Құрманғазы ауданының прокуратурасы кадастрлық құны 6 миллион теңгеден асатын жалпы көлемі 3 мың гектарға жуық 14 жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды Атырау облысының прокуратурасы.
Тексеру барысында аталған жайылымдық жерлер ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай тұрғаны, оның үстіне пайдаланушылардың малы жоқ екені анықталды.
Осылайша, прокуратура органдары ауыл шаруашылығын дамыту үшін жер телімін алу үшін адал кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп отыр.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА