Атырау, 12 қазан 03:17
 дождьВ Атырау +13.2
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Атырау облысындағы ауылдарға миллиардтар бөлінеді

1 833 рет қаралды

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рафик АБУОВТЫҢ хабарлауынша, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша осы жылы облысымыздағы 25 ауылды жаңғыртуға 9,8 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Облыста 300,3 адам тұратын 153 ауыл бар. Мемлекеттік бағдарлама аясында даму әлеуеті бар 93 ауыл іріктелді.

- Бұрын 2019-2022 жылдар аралығында  мемлекеттік бюджеттен 40 ауылға 24 млрд теңгеге 41 жоба іске асырылды. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 15 нысанды, 20 әлеуметтік инфрақұрылым нысанын (білім беру, денсаулық сақтау, спорт) және 6 көлік инфрақұрылым нысанын (ауылішілік жолдар) салуға, реконструкциялауға және жөндеуге  мүмкіндік берді. Бұдан басқа, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 768 жұмыс орны құрылды, - деді Рафик Абуов.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

21 шілде 2023, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.