Атырау, 27 маусым 18:55
 дождьВ Атырау +27.1
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

Атырауда

Кассалық жазалау құрбандары Басқа жаңалықтар

Кассалық жазалау құрбандары

Облыстық соттың кассациялық алқасы «Realty Invest Holding» ЖШС жүргізушілерінің ісін сотқа қайта қарауға жолдады. Таң атқаннан күн батқанға дейін жұмыс істейтін отағаларының жалақылары бар болғаны 25 мың теңгені құрап отыр. 5 желтоқсан 2012, 17:20 2 150 рет қаралды
Қылмыстық хроника Оқиға

Қылмыстық хроника

29 қарашада Мақатта «Құқықтық тәртіп» операциясының барысындаАІІБ қызметкерлері 53 жастағы жергілікті тұрғынның үйінен тіркелмеген 16-калибрлі қосауыз мылтық тапқан. Данабейбіт ауылында 56 жастағы жергілікті тұрғыннан тіркелмеген ИЖ-17 сыңарауыз қару тәркіленіп алынды. 30 қарашаға қараған түні Әлия Молдағұлова көшесіндегі жеке үйлердің бірінде өрт болды. Өртенген үй орнынан 60 жастағы қожайын әйелдің күйіп кеткен мүрдесі табылды. 5 желтоқсан 2012, 16:25 2 224 рет қаралды
Керуен құрықталды Оқиға

Керуен құрықталды

3 желтоқсанда таңғы сағат 6-да Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылында Атырау облысы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының (ҰҚКБ) қызметкерлері жөнелтпе құжаттарынсыз мұнай тиеген 30 тонналық автоцистернаны ұстады. Рөлде 22 жастағы Қарағанды облысының тұрғыны болды.  5 желтоқсан 2012, 15:08 2 283 рет қаралды
Кел, құшақтасайық! Қоғам

Кел, құшақтасайық!

4 желтоқсанда «АЖ» тілшілері жүргіншілерді Құшақтасу күнімен құттықтады. Түстен кейінгі уақыт болатын. Біз Тамара және фототілші үшеуміз қаланы шарлап, кімді бірінші құшақтасақ екен деп ойлаумен болдық. Сөйтіп ЖПБ қызметкеріне көзіміз түсті. Жүрістерін баяулатқан көліктерді көзімен енжарлана ұзатып салған қызметкер көңілсіз көрінді. Ал оның кеудешесі мұң торлаған адамның келбетімен үйлесім тапқандай еді. Бітті, шешім қабылданды. Біз соған қарай жақындадық. 5 желтоқсан 2012, 15:11 5 745 рет қаралды
Көш басындағы үштік Басқа жаңалықтар

Көш басындағы үштік

Қазақстанда сатылатын барлық жаңа көліктердің 50 пайызы үш қаланың: Алматы, Астана және Атыраудың үлесіне тиеді. Жаңа жеңіл көліктер нарығына талдау жасаған кезде «Қазақстан көлік бизнесі қауымдастығының» сарапшылары осындай қорытындыға келді. 4 желтоқсан 2012, 14:53 4 000 рет қаралды
«Бір-екі рет ұрып жібердім, бірақ тонаған жоқпын» Оқиға

«Бір-екі рет ұрып жібердім, бірақ тонаған жоқпын»

Бұдан бұрын, «АЖ» хабарлағандай, 17 қарашада таңғы сағат 4-те «Ақ Жайық» мейманханасының жанынан соққыға жығылып, тоналған мердігер компаниялардың бірінде жұмыс жасайтын Ұлыбритания азаматы табылған болатын. 4 желтоқсан 2012, 14:32 2 537 рет қаралды
«Патриоттар слеті» Басқа жаңалықтар

«Патриоттар слеті»

«I love president» деген жазуы бар көк майка киген студент қыздар, көгілдір жалауларын бұлғаған жас бозбалалар, фотокамералардың жарқылы мен ұлттық билер – АМУ-де өткен «Патриоттар слетінде» (ресми атауы) Президент күнін осылайша атап өтті. 4 желтоқсан 2012, 16:26 1 710 рет қаралды
«Мұнда бәрі бізге қарсы» Басқа жаңалықтар

«Мұнда бәрі бізге қарсы»

29 қарашада «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасының облыстық филиалы мәжілісмендер Асхат БЕКЕНОВ пен Құттықожа ІДІРІСОВТІҢ (екеуі де «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша дауысқа түскен болатын) кәсіпкерлермен кездесуін ұйымдастырды. 4 желтоқсан 2012, 14:48 2 169 рет қаралды
Каспийден Дағыстанның үш браконьері ұсталды Басқа жаңалықтар

Каспийден Дағыстанның үш браконьері ұсталды

1 желтоқсанда сағат 17-де рейд барысында су полициясының қызметкерлері Каспий теңізінің қазақстандық акваториясынан «Ямаха-200» маркалы екі аспалы моторлы байданы ұстады. Бұл туралы Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА хабарлады. 3 желтоқсан 2012, 15:44 1 976 рет қаралды
Тұңғыш президент күніне орай өткізілетін мерекелік іс-шаралар Басқа жаңалықтар

Тұңғыш президент күніне орай өткізілетін мерекелік іс-шаралар

30 қараша - 7 желтоқсан, сағ. 11.00– «Тәуелсіздік негізін қалаған елбасы» атты көрме. 1 желтоқсан, сағ. 18.00– Рахымжан Отарбаевтың пьесасы бойынша сахналанған «Нұр жауған ғұмыр» спектаклі. Кіру тегін. 30 қараша 2012, 15:19 4 980 рет қаралды
2012 жылдың қыркүйегі: еске түсірсек... Қоғам

2012 жылдың қыркүйегі: еске түсірсек...

Молдағұлова көшесіндегі жеке үйде өзін-өзі жару фактісі бойынша жүргізілген тергеу жұмыстары, Құлсарыдағы арнайы операция, Атырау қалалық ІІБ полицейлеріне жасалған шабуыл және «Көктем» ықшамауданындағы арнайы операциялар туралы «Ақ Жайық» газетіне Атырау облыстық ҰҚКД тергеу-жедел тобының жетекшісі Амангелді ӘБІЛҒАЛИЕВ әңгімелеп берді. 28 қараша 2012, 17:06 3 665 рет қаралды
Аналардың мұсылман балаларға үндеуі Оқиға

Аналардың мұсылман балаларға үндеуі

Құрметті мұсылмандар! Сіздерге 233-ші «Терроризм» бабы бойынша сотталып, 5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылған атыраулық балалардың аналары үндеу жолдайды. Тергеу жүргізіліп, сот басталғанға дейінгі бір жылдың ішінде басымыздан қандай күй кешкенімізді сөзбен жеткізе алмаспыз. Ал, біздің қазіргі - балаларымыздың темір торға қамалған уақыттағы жай-күйімізді дұшпанымыздың басына бермесін деп тілейміз... 28 қараша 2012, 21:15 3 210 рет қаралды
Мұхтар Тайжан:«Кедендік Одақтан шығуымыз керек» Саясат

Мұхтар Тайжан:«Кедендік Одақтан шығуымыз керек»

Атырауға белгілі cаясаткер, экономика ғылымдарының кандидаты Мұхтар ТАЙЖАН (суретте) мен танымал тележурналист Қасым АМАНЖОЛ келді. Олар жергілікті қоғам белсенділерімен кездесіп, келер жылдың басында Қазақстанның Кедендік Одақтан шығуын қолдайтын референдум өткізу туралы жоспарларымен бөлісті. Біз М. Тайжаннан Кедендік Одақтың елімізге қандай қауіп келтіріп отырғанын білдік. 28 қараша 2012, 20:28 7 338 рет қаралды