Атырау, 25 қараша 21:55
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Кадеттер, алға!

1 998 просмотра

ТШО баспасөз қызметі Қазақстан-Британ техникалық университетімен (ҚБТУ) бірге әзірленіп жатқан Ақтауда бірінші Қазақстан теңіз академиясын құру жобасы туралы және бірінші курсқа кадеттер қабылдау жөнінде хабарлады.

Теңіз академиясының құрылуы жөнінде алғаш рет Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Астанада өткен ТШО-ның 20 жылдығын тойлау рәсімінде айтқан болатын. Академия теңіздегі мұнай және газ кенорындарын қолдау және ел азаматтарын дәстүрлі мұнай, газ секторынан тыс салаларға жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Оқыту ағылшын тілінде жүреді және кадеттер теңіз тәжірибесінен халықаралық суларда  және Каспий теңізінде өтетін болады.

ҚТА-ның халықаралық әріптесі ретінде теңіз білімін беру салсындағы конгломерат - STC Group компаниясы (Нидерланды) қатысады. ҚТА ТШО-ның қолдауымен ҚР көлік және коммуникация министрлігінің Қазақстанды Халықаралық теңіз ұйымының «Ақ тізіміне» қосуға бағытталған іс-шараларына ат салысатын болады. «Ақ тізімге» қосылу қазақстандық теңізшілерге  өз елінің аумақтық суларынан тыс жерлерде жүзу мүмкіндіктерін береді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

30 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.