Атырау, 25 қараша 21:39
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Диманы қолдау концерті

1 621 просмотра

Атыраудың шығармашылық қоғамдастығы «балалардың церебралды сал ауруы» диагнозымен ауыратын 5 жасар Дима МЕНЬШИКОВҚА қаржылай көмектесу үшін бірікті.

- Отбасында тек әкеміз ғана жұмыс жасайды, ем алуға өзіміз ақша жинай алмаймыз, - дейді баланың анасы.– Ал Диманы, дәл қазір, әлі кішкентай кезінде емдеу керек. Мәскеудегі «Примавера медика» медициналық орталығында зерттеу мен емдеу $5 000 тұрады.

Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің болашағы бар, оның қоршаған ортаға деген қызығушылығы керемет, дұрыстап ем алса, аяғынан нық тұрып кетеді.

Балаға көмектесу үшін жергілікті әртістер 2 маусымда Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде қайырымдылық концертін өткізбекші. Концерт қызықты болады деп күтілуде: Step Move тобы, «Камелия» балалар ансамблі, әнші Ирина КОТЛЯРОВА, «Фантазия» балалар вокал студиясы, Евгений МАМЫКИН, «Натали» ансамблі және басқа да әншілер қатысады. Билет құны – 1 300 теңге. Түскен ақша Диманы емдеуге жұмсалады.

...Дима арбада отыр, қасында апасы мен інісі жүгіріп ойнап жүр. Егер осы ауру болмаса, ол да бірге жүгіріп, балабақшаға барып, құммен ойнар еді... Мүмкін, біздің бастамамыз Диманы аяққа тұрғызар.

Анастасия ПАСТУХОВА

30 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.