Атырау, 6 қазан 13:15
 ашықВ Атырау +14
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Өрт сөндіруге қол ұшын берді

2 324 просмотра

Жол полициясы басқармасының екі қызметкері Пешной поселкесіндегі аулалардың біріндегі өртті сөндіруге көмектесті.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, 21-інен 22-ші мамырға қараған түні кезекшілікте тұрғанжол полициясының сержанты Азамат НАГИРОВ пенқатардағы қызметкер Жалғас САПИЕВҚА «Зарослый» АҚ-на жақын маңда түтін шығып жатқандығы туралы өтіп бара жатқан Газель жүргізушісі хабарлаған.

Жол полициясы қызметкерлері аталмыш жерге дереу жетіп, жалғамасы ашық өртке оранған үй қожайындарын оятты. Олар жұмыла жүріп, өртті сөндіріпті. Анықталғандай, өрт масаны жолатпас үшін түтін салған шелекті шоғымен тастап кеткен тұрғындардың өздерінің кінәсінен орын алған екен.

Полицейлерді адам өмірін құтқарғаны үшін ІІД бастығының атынан марапат күтіп тұр.

Анастасия ПАСТУХОВА

30 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.